Баспана бағасы  биыл да арзандамайды  

Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды

Malim Админ

  • 20.01.2023

Баспана бағасы елімізде тіпті  шарықтай бастады.   Статистикаға сүйенсек,былтыр жаңа тұрғын үйлер 17%, қолданыстағы пәтерлер 26%-ға қымбаттаған. Алматы мен Астанадан бөлек, өңірлер бойынша жаңа жылжымайтын мүлік құны  Ақтөбе, Семей және Ақтау қалаларында өскен.

Мәселен, қазір Қазақстанда орта есеппен алғанда алғашқы нарықтағы бір шаршы метр бағасы - 435 861 теңге, қайталама нарықтағы баға– 489 704 теңге, тұрғын үйді жалға алу құны – 4 754 теңге. Баспана нарығының сарапшысы Рүстем Ермекбаевтың айтуынша, биыл керісінше бірінші нарықтағы баға өсуі мүмкін.      

 «Наурыздан бастап бірінші  нарықтың бағасы міндетті түрде қымбаттайды. Баға тұрақталмайды. Екінші нарықтың бағасы сәл бәсеңдейді. Себебі, қазір бағдарламалардың бәрі бірінші нарыққа арналған. Яғни, жаңадан салынған үйлерге. Ал, екінші нарық өз кезегімен жүреді. Егер екінші нарықта сұраныс болмаса, бағада өзгеріс болады», - дейді сарапшы.      

Ал экономист  Арман Байғанов тұрғын үй нарығына әсер етіп отырған бірнеше фактордың барын айтады.    Олар: халықтың кірісі, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары және доллар бағасы. «2021 зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беру халықтың белгілі бір тобының уақытша табысын арттырды. Ол бағаның шарықтауына әкеп соқтырды. Геосаяси жағдайға байланысты да баға өсті. Сондықтан, алдағы жылы дәл мынадай өзгеріс болады деп дөп басып айту қиын. Бірақ, баға түспейтіні анық»,- деп түсіндіреді ол.  

Экономиканың басты заңдылығы -  сұраныс ұсынысты туғызатыны мәлім. Алайда, елімізде сұраныс азайса да, бағаның  түсетін түрі жоқ.  Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, желтоқсанда елімізде 33 587 мәміле жасалаған, бұл қарашамен салыстырғанда 1,4 пайызға аз.      

Биыл  «7-20-25» бағдарламасының мерзімі 2029 жылға дейін ұзартылды. Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, былтыр соның аясында 873,6 млрд теңгеге 65 554 қарыз берілген.  Ал, биыл несиелендіруді 100 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жеңілдетілген кредиттеу мен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралған.      

Сондай-ақ халықты несиеге байлауды әдеттегідей  «Отбасы банк» жүзеге асыра бастайды. Биылдан бастап  «Жасыл ипотека» бағдарламасы іске қосылды.  Қаржыгер Уәлихан Ержановтың  пікірінше, бұл мемлекеттік бағдарлама емес. «Отбасы банкі» мен құрылыс компаниясы және жасыл сертификатын беретін компаниямен бірлесіп жасалған бөлек бағдарлама. Ол қаржысын қайда саларын білмей 3-4 пәтерді бірақ алғысы  келетіндерге тиімді. Себебі, тұрып жатқан жері бар болса, арендалық төлем төлемейтін болса, 2-3 пәтер алуға таптырмас мүмкіндік. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық стандарты бойынша елдегі әр азаматқа кемінде 30 шаршы метрден берілуі керек. Алайда, елімізде бұл көрсеткіш 23 шаршы метрден аспайды.   Жоспарланған ауқымда баспана салуға импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауы кедергі болып отыр.  Әлеуметтанушы Исатай Минуаровтың сөзінше,  мемлекет кемінде индикаторы бар, 200 млн шаршы метр тұрғын үй салуы тиіс. Себебі, баспанасыз жүрген  халық  көп.

Қалай дегенмен де, алдағы уақытта тұрғын үйге сұраныс артпаса кемімейді. Пәтер бағасы да арзандайтын нышан байқалар емес.  Егер Үкімет  бизнес өкілдерімен бірлесіп, бағаны тұрақтандыру шараларын қабылдамаса  бағаны әдеттегідей көктен іздеуге туралы келеді.  

Байланысты жаналықтар

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024
MalimBlocks
Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Ақтөбе облысында үйі өртенген екі зейнеткер жан тапсырды

Қазір өрт себебі анықталып жатыр

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.