Көлгінов көпшіліктің алдына шықпай қойды

Malim Админ

  • 19.05.2020

Өткен аптада ғана тұрғындар таппай, алдымен телефон шалып, артынан онлайн түрде іздеу жарияланған елорда әкімі Алтай КӨЛГІНОВ тұрғындармен кездесуге ақыры келмеді.

Бұған дейін жазғанымыздай, бір емес бірнеше мәселе бойынша (құрылыс жұмыстары) әкімдікке қоятын талаптарын айтпаққа жиналған көпшілік әкімдерін таба алмай, ақыры әлеуметтік желі арқылы әкімді дүйсенбі (кеше, 18.05.2020ж.) күні Сығанақ пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында күтетін болып уағдаласып, тарасқан.

Айтылған күннің кешінде біраз астаналық кездесу орнына келді, бірнеше бас қалаға қатысы бар ірілі-ұсақты шенеунік, құрылысқа қатысы бар компания (BI-Group) өкілдері жиналғанмен, Көлгіновтің өзі көрінбеді. Бұл, әлбетте, жиналған жұрттың наразылығын тудырды. «Жұмбақ әкім» тағы біраз интрига жасай тұрғысы келді ме екен, орнына орынбасарын жіберіпті. Әкімін үш күн бойы іздеп, таба алмай жүрген жұртшылық оның орынбасарын да, аудан әкімін, білім басқармасы мен құрылыс компаниясы өкілдерін онша бір жақтыра қоймады.

Орынбасар әкім Нұрлан НҮРКЕНОВ наразы жұртқа әкімнің қайда жүргенін, не үшін келмегенін айтып жатпады.

«Бұл жер телімі, қателеспесем, 2005 әлде 2006 жылдан бері жеке компанияның жері. 2015 жылы бас жоспарға сәйкес бұл жерге көпқабатты құрылыс жүреді деген шешім қабылданған. Бұны өзгертуге болмайды деген ешкім жоқ», - деп бастап келе жатқанда жұрт шулап кетті.

Бұдан кейінгі ренжулі орынбасар әкім мен ашулы топтың арасындағы әңгімеден ұққанымыз, қаланың қай бөлігіне болсын тұрғындар келіспесе, құрылыс салынбайды. Және әкім орынбасары «бұл жерге мектеп керек екенін естіген», кейбіреулер оқушылар сарайы керек деп жүргенін де, зейнеттегі тұрғындардың немерелеріне қоғамдық кеңістік керек екенін айтып жүргенін де біледі. Осыған орай, бұрынғы (№59) мектепті үлкейту туралы ойланып жатыр, алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен 1200 орындық жаңа мектеп салынбақ (қашан екені нақтыланбаған,жоспарлау туралы зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр).

Бұдан ары қарай ел шулап, оларға қарсы әкім орынбасары айғайлап, шенеунік BI-Group жүргізбек көп қабатты үйдің жоспарын көрсете бастады. Бұл компанияның мектеп құрылысын да жүргізетінін меңзеп өтті.

«Бізге жеке компанияны не үшін айтып тұрсыз? Дәл осы жерде соны жарнамалап тұрсыз ба? Бізге презентация керек емес. Бізге мектеп керек!» – деп шулап кеткен соң, жұртқа сөзін өткізе алмаған әкім басқалай ұсыныс айтты. Орынбасар әкімнің сөз тыңдайтын арнайы топпен жұмыс істегісі келеді. Ол тұрғындарды не мазалайтынын білу үшін келгенін айтқан соң, тұрғындар талаптарын айтты.

Оның негізгісі у-шу болып, тыныштарын алып біткен – құрылыс жұмыстарын тоқтату; бұған дейінгі құрылыс жоспарын өзгерту; мемлекеттік сараптама тоқтатылсын.

Конституцияға да өзгеріс енгізіліп жатқанын айтқан Көлгіновтің орынбасары бұл жердің жобасын өзгертуге болады деді. Сөйтіп, не осы аптада, не келесі аптада, не бірнеше аптадан соң ұсыныстар дайын болған соң, орналасу жоспарын өзгерту туралы координациялық кеңес өткізіп, сол жерде шешетінін айтып, карантинге қарамай көшеге шыққан астаналықтарды бір жолға тыныштандырғандай болды.

Қызық, елі екі шақырып келтіре алмаған астананың әкім қайда жүр екен...

Оқи отырыңыз; Мистика: Астаналықтар Алтай Көлгіновті таба алмай жүр

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

13.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.