Рымбаева концертін өткізуге әкімдіктен 111 миллион теңге сұраған ба?

Алматы қаласы әкімдігі қазақстандық үш өнер иесінің концерттерін өткізуге жалпы соммасы 220 миллион теңге жұмсамақ болған. Бұл туралы ақпаратты кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов таратты. Ал қалалық мәдениет басқармасы бұл сметаны әртістер және коммерциялық компаниялар ұсынғанын айтады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 28.06.2022

Атап айтқанда, әкімдік Роза Рымбаеваның 65 жылдық мерейтойына 111 миллион теңге, Жәмиля Серкебаеваның концертіне 69 миллион теңге және Марат Бисенғалиевтің 60 жылдық мерейтойына 41 миллион теңге қарастырған.

Осы ақпаратты көргеннен кейін кәсіпкер Ерлан Нұрғалиев бірнеше сұрақ қойды: Неліктен өнерпаздардың коммерциялық концерттеріне мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінуі керек? Олардың концерттерімен қала әкімдігі айналысса, демек олар ел арасында танымал емес қой? Қай өнерпазға көмектесіп, қайсынан бас тарту керегін кім шешеді?

«Неге дәл осы адамдарға грант берілгені де түсініксіз. Грант біздің елді әлемдік деңгейде таныстыратын балалар мен жастар берілуі керек  емес пе? Оларға шынымен де қаржылық қолдау керек. Педагогтерге төленетін қаржы, жолға кететін ақша, авторлық әндер мен оны жазу студиясы, бәріне ақша керек. Мәдениет басқармасының басты міндеті осы әлі бекіп үлгермеген жастарды қолдау емес пе? Ал аты шыққан әншілер ол ақшаны өздері-ақ таба алады. Мерейтойда немесе тойда орындаған 2-3 композициясын қарап көрсін», - деді Нұрғалиев.

Біз Алматы қаласы әкімдігіне хабарласып, осы жағдайға байланысты түсініктеме беруін сұрадық. Мәдениет басқармасының хабарлауынша, бұл смета коммерциялық құрылымдар мен әртістердің өздері ұсынған есеп нұсқалары екен. Мәслихат пен қоғамдық кеңес бұл ұсыныстарды талқылап, Жәмиля Серкебаевның концертіне қаржы бөлмейтін болыпты. Және жеке концерттердің жарнамалық компаниясына да бюджеттен қаражат бөлінбейді.

«Осы орайда, бюджет шығыстарының барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кез келген концерттерді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ашық конкурс арқылы жүргізілетінін атап өткім келеді. Алматыда концерттер мен фестивальдерді өткізу – қала өмірінің дәстүрлі және аса маңызды бөлігі екенін атап өту керек. Пандемияға байланысты 2 жылдық шектеулерден кейін өнер қайраткерлерінің бастамаларын қолдау маңызды деп санаймыз», - делінген Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жауабында.

 

Photo\Спутник Қазақстан

Байланысты жаналықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024
MalimBlocks
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.