Алматы әуежайында есірткіге масайған ұшқыштың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Мәжіліс отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова өткен аптада Алматы әуежайында есірткі қолданып ұсталған ұшқыш жайында Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевтан сұрады.

Malim Админ

  • 02.05.2024

Сауалға жауап берген министр орынбасары күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты.  
-    Есірткі қолданып ұсталған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат береміз. Жалпы ұшқыштар, жүргізушілер рейске шығар алдында медициналық тексеруден өтеді, - деді Айдос Рысбаев.
Еске салсақ, 23-сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатқан Air Astana әуекомпаниясының ұшқышы ұсталған еді. 
Фото: airastana.com