Алматыда мәйітхана күзетшісі өлген адамдарды зорлаған

Оны ломбард қызметкерлері әшкерелеуге көмектескен.

Malim Админ

  • 29.04.2024

Әлеуметтік желіде Алматыда некрофилдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған, - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Ер адам изоляторға қамалды. ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, - деді Алматы қаласы полициясында.

Фото: t.me/kozachkow

Байланысты жаналықтар

Ақтауда мас жүргізуші балалар отырған көлікпен соқтығысқан

19.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан жігіт ұсталды (ВИДЕО)

18.05.2024

Сарыағашта 3 жасар қыз жоғалды

18.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024
MalimBlocks
Ақтауда мас жүргізуші балалар отырған көлікпен соқтығысқан

Оны полиция ұстап әкетті

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Оның қамауға алынған видеосы жарияланды

Сарыағашта 3 жасар қыз жоғалды

Полиция шүғыл іздестіріп жатыр

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.