Атырауда әскери бөлімнен қару алып қашқан сарбаз қамауға алынды

Тергеу жүріп жатыр «Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери бөлімнен қару алып шыққан мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаменті.

Malim Админ

  • 08.05.2024

Айта кетейік, 8-мамырда Атырау гарнизонындағы №41433 әскери бөлімнен мерзімді қызметтің әскери қызметшісі өзіне бекітілген автоматты қару мен 60 патронды алып, бөлімнен кетіп қалған. Көп кешікпей қарулы сарбаздың ұсталғаны мәлім болды. Полиция ақпаратына қарағанда, зардап шеккендер жоқ. 

Полиция тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттың жария етілмейтінін ескертті.
Фото:  Фото: rg.ru