133 млн теңге шығын: Павлодарда мүгедектерге арзанқол гаджет сатып әпермек болғандар сотталды

Кәсіпкерлік қызмет арқылы 25 млн теңгеден астам заңсыз пайда көрген жеткізуші де жазасыз қалған жоқ.

Malim Админ

  • 15.04.2024

Павлодар облысында Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары мүмкіндігі шектеулі жандарға арзанқол ноутбуктер мен телефондар сатып алып, үстінен мол пайда көрмекші болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, мемлекет бюджетіне шамамен 133 млн теңге шығын келген.

ҚМА «Қамқор» жедел алдын алу шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізілген өнімдердің құнын негізсіз асыра бағалау фактілерін анықтады.

Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары және «Арт-Class» ЖШС атқарушы директорына қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Белгілі болғандай, басқарма «Арт-Class» ЖШС-мен және «Аюм и Д» МҚБ-мен зағип және саңырау адамдарға арналған бағдарламалық жүйемен қамтылған ноутбуктер, ұялы телефондар сатып алу жөнінде шартқа отырған. Онда көрсетілген тауарлардың жалпы құны 476 млн теңгеден асқан. Алайда жеткізушінің гаджеттері тиісті техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеді. Сәйкессіздік сомасы шамамен 133 млн теңгені құрап отыр, - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінен.

Сот Павлодар облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарын кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Кәсіпкерлік қызмет арқылы 25 млн теңгеден астам заңсыз пайда көрген жеткізуші де жазасыз қалған жоқ.

Сот оған 7,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Техниканы жеткізушіден мемлекет пайдасына 133 млн теңгеге жуық сомасында азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды.

Фото: vodafone.ua

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

«ҚазМұнайГаз»-да ауыс-түйіс болды: Мырзағалиевтің орнына Хасенов келді

15.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

«ҚазМұнайГаз»-да ауыс-түйіс болды: Мырзағалиевтің орнына Хасенов келді

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғыс айтты.