«Әділдік және Өркендеу» қорының Маңғыстау өңіріндегі белсенділері қарттарға көмектесті

Белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды.

Malim Админ

  • 30.04.2024

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Ақтаудағы өкілдіктің белсенділері қазақстандықтардың назарын тағдыр тауқыметімен жалғыз қалған зейнеткерлердің проблемаларына аударуды жөн көрді. Ол үшін қоғам қайраткерлері арнайы қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы қордың ресми сайты жазды.

Қиын жағдайға тап болған қарт адамдарға көмектесу үшін белсенділер өз қаражаты есебінен азық-түлік сатып алды. Әр қапта ұн, күріш, қарақұмық, сұлы, түйіршіктелген қант, макарон, өсімдік майы, шай, печенье және қажетті заттар бар.

Біз бұл акция арқылы бей-жай қарамайтын қазақстандықтарға қоғамда бар мәселелерді ұмытпау керектігін жеткізгіміз келді. Бізде кедейлік шегінен төмен тұратын жалғыз басты қарттар өте көп. Аға буын өкілдері - біздің азаматтарымыз, қазір біз тұрып жатқан қаланы да олар салған. Сол себепті біз де қолымыздан келгенінше бұл кісілерге көмек беруіміз керек. Біз барлық азық-түлікті мұқтаж жандарға жеткіздік, - деді Ақтау қаласындағы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдік басшысы Нұрбол Конжар.

Қоғам белсенділері барғандар арасында 57 жастағы әйел адам мен 86 жастағы жалғыз тұрып жатқан қарт әже бар. Қор өкілдерінің атаулы көмегін 20 адам алды. Олардың көбінде мүгедектігі немесе ауыр созылмалы аурулары бар.

Бірі жақындарынан айырылса, екіншісі ауру салдарына үйден шыға алмай отыр. Арасында зейнетақысы тым аз жесір әйелдер де бар. Егде жастағы адамдардың көбі қарым-қатынас пен қолдаусыз қалудың оңай еместігін айтады. Біз қиын жағдайда жалғыз қалған адамдарға қол ұшын созу қажет деп санаймыз. Қор қағидаттарының бірі еліміздің барлық азаматына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Кедейлікпен күрес бірінші кезекте тұруы керек, онымен бірлесе күресуіміз керек, - деді Нұрбол Конжар.

Белсенділердің пікірінше, аға буын өкілдері үшін материалдық және моральдық қолдау маңызды.

Осы адамдарға қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгеніміз абзал. Барлық бей-жай қарамайтын азаматты аға ұрпаққа қолдау білдіруге шақырамыз. Мейірімді болайық, - деп, Ақтау белсенділері қазақстандықтарға үндеу тастады.

Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының мақсаты әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келетін әділ қоғам құруға бағытталған. Ел өңірлерінде Қордың қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Сіз Қордың жақтастарының қатарына қосылып, Манифест-үндеуге онлайн қол қоя аласыз.

Фото: adildik.org.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтауда мас жүргізуші балалар отырған көлікпен соқтығысқан

19.05.2024

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

17.05.2024

Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

16.05.2024

«Тозақта өмір сүрдім». Күйеуінен зәбір көрген ақтаулық әйел бейнежазба жариялады

12.05.2024

Швецияда белсенді Құран кітабын өртеді

29.04.2024

«Таза Қазақстан»: Қарағандылықтар орманға 90 түп қарағай көшетін отырғызады

23.04.2024
MalimBlocks
Ақтауда мас жүргізуші балалар отырған көлікпен соқтығысқан

Оны полиция ұстап әкетті

Маңғыстау облысына жаңа әкім тағайындалды

2022 жылдың қазан айынан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

«Тозақта өмір сүрдім». Күйеуінен зәбір көрген ақтаулық әйел бейнежазба жариялады

Ол өзін қорғауды сұрап Президентке хат жазған

Швецияда белсенді Құран кітабын өртеді

A haber Түрік телеарнасы  бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.

«Таза Қазақстан»: Қарағандылықтар орманға 90 түп қарағай көшетін отырғызады

Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған.