Алматы облысында ауыл тұрғындары жайылымның сатылып кеткеніне наразылық білдірді

Ауыл әкімі жер телімі жекеменшікке өткенін растады.

Malim Админ

  • 23.04.2024

Алматы облысындағы Рахат ауылында мал жайылымдарының орнында құрылыс жұмыстары басталған. Салдарынан ауыл тұрғындары мал бағу үшін жер жеткіліксіз деп наразылық танытып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Almaty телеарнасының ақпараты бойынша, тұрғындар көп жыл бойы Рахат ауылында мал бағып, егінмен айналысып келген. Алайда қазір алқаптардың басым бөлігі жекенің меншігіне өтіп, жайылымдардың орнында құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс аумағының ауданы 5 гектар. Әзірге жайылымда үй мен жол салынған. Ал алдағы уақытта бұл аумақта шаруа қожалығын салу жоспарланып отыр.

Рахат ауылында үш мың отбасы тұрады. Елдің малы жайылатын жерді сатып алып, жердің талқанын шығарып, күреп жатыр. Мал суғарып жүрген жолды қоршайтын болды, – деді Рахат ауылының тұрғыны Ақбұрхан Шыңғысов.

Ауыл әкімі жер телімі жекеменшікке өткенін растады. Оның сөзіне сүйенсек, шаруа қожалықтары паймен беріліп, барлық құжат заңды түрде рәсімделген.

Ауылдың жартысынан көбі мал бағады. Бір машина топырақ, тас алсақ айыппұл төлейміз. Баяғыда осы жерден шөп шауып, таситынбыз, – деді Рахат ауылының тұрғыны Берік Рахметов.

Кәсіпкерге тау қыраттарындағы топырақты қазуға болмайтыны ескертілген. Бірақ талап ескерусіз қалған. Даулы жер телімі бойынша ауданнан арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізіледі.

Бірінші дау басталған жекеменшік жерді ауыл тұрғыны сатып жіберген. Жайылым мемлекет меншігінде емес. Ал топырақты қазуға қатысты құзырлы орган өкілдері түсіндірген болатын. Таудың жолын түзеп, асфальт салуға болмайды, – деді Рахат ауылдық округінің әкімі Қайсар Бөгісбаев.

Кәсіпкердің айтуынша, шаруа қожалығына бару үшін жол керек, сондықтан ол қазу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр. Сондай-ақ ол бұл әрекетінің заңды екеніне сендіреді. Дегенмен тұрғындар сотқа жүгінбек.

Жеке адамнан заңды сатып алдым. Жекеменшік жерімді қоршап, жылқыларым ішінде жайылады. Қыста екі техника құлады. Сондықтан тас төсеп жатырмын, – деді жер иесі Қайрат Кәрібаев. 

Фото: Tengrinews.kz 

Байланысты жаналықтар

Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

18.05.2024

«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

16.05.2024

«Ақша қолға берілсін»: Құлсарылық әйел облыс әкімі орынбасарының микрофонын жұлып алды

16.05.2024

Су басқан Құлсары тұрғындары әкімдік алдына жиналды

15.05.2024

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

10.05.2024

Алматы облысында 2 баллдық жер сілкінісі болды

06.05.2024
MalimBlocks
Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

Жұрт шетелдіктерді қатаң жазалауды талап етті

«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

Көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылған.

«Ақша қолға берілсін»: Құлсарылық әйел облыс әкімі орынбасарының микрофонын жұлып алды

Баспанасы бұзылғандар үйлерінің әрбір шаршы метрі 400 мың теңгеден есептелгенін талап етіп отыр.

Су басқан Құлсары тұрғындары әкімдік алдына жиналды

Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз мөлшерде біржолғы төлем берілгені жазылады.

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысында 2 баллдық жер сілкінісі болды

MPV Магнитудасы — 5.7.