Алматыда сазды лай көшкінінің болуына заңсыз салынған құрылыс себеп болды

Таулы қырат елді мекеніндегі 2768 учаскеде құрылыс салу кезінде экожүйе бұзылғандығы анықталды.

Malim Админ

  • 16.04.2024

Алматыда жауын-шашынның мол түсуі салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні орын алып, асфальттың бір бөлігінің істен шығуына және кәріз желілерінің бітелуіне әкеп соқтырды, деп хабарлайды Malim.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер бұруды сазды лайды сорып алып, мұндағы жұмыстарды ретке келтіруде. Ауа райы жақсарған соң жол жабыны қайта төселеді.

Тексеру барысында сазды лайдың жылжуы тау бөктері бір бөлігінің ойылуы және «Мұзтау» шағын ауданында салынған құрылыстардың салдарынан болғандығы анықталды. Таулы қырат елді мекеніндегі 2768 учаскеде құрылыс салу кезінде экожүйе бұзылғандығы анықталды-меншік иесі (жеке тұлға) тау бөктерінің бір бөлігін өз бетінше ойып алып, жыраны жауып тастаған. Соның салдарынан судың табиғи ағыны жабылып, қатты жауын-шашын кезінде жасанды топырақта жарықшақ пайда болған.

Оның үстіне меншік иесі шаруа қожалығын жүргізу үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскесінде рұқсат құжаттары жоқ құрылыс жұмыстарын бастаған.

Қазіргі уақытта нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасауда, оның нәтижелері бойынша жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру үшін жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылдайтын болады.

Жалпы, аудан бойынша ауа райы болжамына байланысты коммуналдық қызметтердің жұмысы алдын ала күшейтіліп, кезекшілік ұйымдастырылды. Су басу қаупі бар аймақтардағы учаскелер Алматы әкімдігінің бақылауында.

Фото: Алматы әкімдігінің ресми сайты

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.