Бас прокуратура үш өңірдегі су тасқынына байланысты тергеп-тексеру шараларын бастады

Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Malim Админ

  • 07.04.2024

Прокурорлар Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады. Сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде, деп хабарлайды Malim.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгінгі күні жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланған 10 облыста уәкілетті мемлекеттік органдар салдарларды жою және азайту, жаңа аумақтарды су басуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауда.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, әкімдіктер мен басқа да қызметтердің 10 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Ең күрделі жағдай Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарында қалыптасуда. Прокуратура органдары нақты елдімекендерді су басу, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық және басқа да объектілердің қирау себептерін белгілейді. Атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы, су тасқынының алдын алу жөніндегі жоспарлардың уақтылығы мен толықтығы зерттелуде. Қорытындысы бойынша әрбір уәкілетті органның қызметіне тиісті құқықтық баға берілетін болады, - дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда прокурорлар Ақтөбе, Алматы және Атырау облыстарында сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады. 

Жергілікті жерлердегі прокурорлар құқық қорғау органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіп режимін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді.

Проблемалық учаскелерді қоршау және патрульдеу, азаматтардың мүлкін қорғау қамтамасыз етілген.

Осы қиын кезеңде азаматтарды дүрбелеңге түспеуге шақырамыз, әрбір зардап шеккен отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде көмек көрсетіледі. Бұл мәселе прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Өтемақы алу алгоритмі Үкіметтің қаулысымен бекітілген арнайы ережелермен нақты реттелгенін түсіндіреміз. Жергілікті атқарушы органдар біржолғы материалдық көмек төлеуге кірісті. Жалпы, барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен құқықтық тәртіп органдары еріктілердің қолдауымен күшейтілген режимде жұмыс істеуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Су тасқынын оқшаулау және қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024
MalimBlocks
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты