Белгілі кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккендерге 2,7 миллиард теңге бөлді

Қаражат зардап шеккен аймақтардағы маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, жаңа үйлер сатып алуға және салуға бағытталады.

Malim Админ

  • 22.04.2024

Кәсіпкер Бахаридин Аблазимов және оның компаниялар тобы елдегі бірқатар өңіріндегі су тасқынынан зардап шеккендерге 2,7 миллиард теңге бөлді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаражат зардап шеккен аймақтардағы маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, жаңа үйлер сатып алуға және салуға бағытталады.

Көмекті дұрыс пайдалану мақсатында қаражат «Демеу Қазақстан Қорының» арнайы шотына аударылатын болады.

Наурыз айының басынан бастап «ҚазАзот» АҚ, «Матен Петролеум» АҚ компаниялар тобы 100 миллион теңгеден астам қаражат, оның ішінде шығыс материалдары мен гуманитарлық көмек түрінде - 70 миллион теңгеден астам қаражат бөлді, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен кеткен еріктілердің шығыстарына 30 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Біз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге алғашқы күннен бастап көмек көрсетіп келеміз. Мен бұл сынақты бірліктің арқасында жеңетінімізге сенімдімін, - деді кәсіпкер.

Бахаридин Аблазимов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынының салдарымен күресте күш-жігерді біріктіру жөніндегі бастамасын қолдайды.

Фото: "ҚазАзот" АҚ

Байланысты жаналықтар

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024
MalimBlocks
ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.