БҚО-да Жайық өзені бойында ұзындығы 40 шақырымнан асатын бөгеттер тұрғызылып жатыр

Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 90-ға жуық елді мекенінде су тасқынынан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Malim Админ

  • 11.04.2024

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының қаупі сейілмей тұр, деп хабарлайды Kazinform.kz.

БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі таңда қауіп төніп тұрған облыс орталығы және Жайық өзені бойында орналасқан Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 90-ға жуық елді мекенінде су тасқынынан қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күні бүгін ұзындығы 43 километрдей болатын биіктігі 1-2,5 метр бөгеттер тұрғызылуда. Аталған жұмыстарға 250-ден астам техника мен 2,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасуда, - деді Қ.Айтмұхамбетов.

«Қазгидромет» РМК БҚО филалының 11 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында тәулігіне 10 сантиметрге жоғарылады. Сөйтіп, 728 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті. Сондай-ақ Январцев гидробекетінде 787 (+15, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 688 (+13, 850 см) және Тайпақта 410 (+20, 850 см) сантиметрге жетті.

Фото:

Фото: Courtesy

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.