Мүгедек балалардың ата-аналарын алдаған қайырымдылық қорының басшысы қамауға алынды

Қайырымдылық қоры олардың ұл-қызын алыс шет мемлекеттердің медициналық орталықтарына апарамыз деп сендірген.

Malim Админ

  • 18.04.2024

Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған қордың ақшасына басшылары қол салған. Емдеу үшін елден ақша жинап, артынан ерекше балалардың ата-аналарын алдап кетіпті. Шетелге апарып емдетпек түгілі, түрлі сылтау айтумен жүрген, деп хабарлайды Malim.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтөбелік Темірхан Арун баласының Алматыда 11 химия терапиясынан өткенін айтты. Алайда қор емге керек қалған ақшаны бермей қойған.

Алматыда 11 химия терапиясынан өттік. Одан Мәскеуде өттік. Содан былтыр қыркүйек айында "Море лайфқа" хабарласып, көмек сұрадық, осылай баламызды шетелге апаруға деген. Біз бес күнде 5 миллион жинап тапсырдық. Ол ақшаның тек бізге жұмсағаны 230 мың теңге. Астанаға барып-келуге жұмсалды. Қалған ақшаның бір теңгесін де қайтарған жоқ, – деді Темірхан Арун.

Баласының еміне дауа іздегендер енді құзырлы органдардан көмек сұрап жүр.

Қайырымдылық қоры олардың ұл-қызын алыс шет мемлекеттердің медициналық орталықтарына апарамыз деп сендірген.

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек сұрайтын әр үшінші хабарлама алаяқтардікі: Полиция сақ болуға кеңес берді

Тек ата-аналардан видео үндеу жаздырып, балаларды суретке түсіріп алады. Ең қызығы, ақшаны мүгедек баланың отбасы өзі жинап, оны қолма-қол қорға 5 миллионға толғанда беріп отырады. Ақыры шетелдегі ем де жоқ, ақша да жоқ, алдап кетеді. Қазір қайырымдылық қорға қатысты алты ата-ана арыз жазған. Қор басшысы қамауға алынды. Келтірген шығын – 30 миллион теңге. Құзырлы органдағылар зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін дейді. 

Ал Ақтөбе прокурорының орынбасары Нұрлан Қалдығожин тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Тергеу әрекеттері басталып кетті. Сонымен қатар кеше, яғни 16 сәуір күні осы қайырымдылық қордың жетекшісі Қылмыстық процестік кодекстің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр, – деді Нұрлан Қалдығожин.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Биыл есірткі қылмыстары үшін 19 жасөспірім ұсталған

18.05.2024

«Ұлттық қор – балаларға»: министрлік бір балаға қанша қаржы аударылғанын айтты

17.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Биыл есірткі қылмыстары үшін 19 жасөспірім ұсталған

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

«Ұлттық қор – балаларға»: министрлік бір балаға қанша қаржы аударылғанын айтты

2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшері жылына 2 трлн теңгеден аспайды.

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.