Неге куәгерлердің көзінше «суицид имитациясын» жасадыңыз – прокурор Бишімбаевқа сұрақ қойды

Прокурор Бишімбаевтан Нүкенова көз жұмған күні «неліктен суицидтің имитациясын» жасағанын сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Malim Админ

  • 04.04.2024

Бармен Ерденов берген куәлігінде сіздің суицид жасамақ болғаныңызды айтты. Не үшін олай істедіңіз? - деді прокурор.

Бишімбаев бұл сұраққа жауап ретінде Салтанаттың анық өлгенін естігенде қапа болып, көңілі құлазығанын айтты.

Прокурор Бишімбаев қапа болғанын айтып тұрса да, сол күні түстен кейін мейрамханадағы камераларды өшіруге, Нүкенованың телефонын жан-жаққа машинамен тасуға тапсырма бергенін айтты. Бишімбаев бұл әрекеттерді жедел-жәрдем келіп, Салтанаттың өлгенін растағанша істегенін айтты.

Мен бұл тапсырмаларды жедел-жәрдем көлігі келгенше бердім. Оған дейін Салтанат тірі деп ойладым, - деді ол.

Прокурор «Осы оқиғадан кейін де өзіңізге қол жұмсау туралы ой болды ма?» деп сұрады. Бишімбаев ондай ойы болғанын айтты.

Бишімбаев ұсталғалы 5 ай өтті. Мен, процессуалды прокурор ретінде, жеке өзім сіз отырған тергеу изоляторының камерасын бақыладым. Бірақ осы уақытқа дейін сіз өзіңізге ешқандай қастық әрекет жасаған жоқсыз. Сол күні неге куәгерлердің көзінше «суицид имитациясын» жасадыңыз? - деп сұрады прокурор.

Осы кезде судья прокурорға «баға бермей, сұрақ қойыңыз» деп ескерту жасады. Бишімбаев болса «өзіме қол жұмсасам сіздер құтқарып қаласыздар, ондайды ешкімге білдірмей істер едім», - деді.

Еске салсақ, сотта куәгерлердің бірі - Bau мейрамханасында бармен болып істеген Ерденов Бишімбаевтың Нүкенова қайтыс болған күні өзін-өзі өлтірмек болып, қолына пышақ алғанын айтқан болатын. 

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

17.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

Психологтарды әбден тыңдап алған.

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.