Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Malim Админ

  • 08.04.2024

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны байқалатын өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда. Осыған байланысты Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Бүгінде су тасқыны кезеңіне тән инфекциялар бойынша жағдай тұрақты деңгейде. Барлық нысандарда жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭС органдарымен ауыз сумен жабдықтауды бақылау күшейтілген. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге ауыз су сынамаларын іріктеу және зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі. Су сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бүгінгі күні жұқпалы аурулардың пайда болу қаупі жоқ екенін көрсетеді, - дейді ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдері мен блогерлерге су басқан аумақтардағы жұқпалы аурулардың өршу қаупі туралы мессенджерлерде таратылатын жалған хабарламаларға байланысты өз өтінішін жеткізді. Денсаулық сақтау министрлігі белгісіз адамдардың күмәнді ақпараттарына және тексерілмеген ұсыныстарына сенбеуін өтінетінін айтты.

Міне, бүгін стационарлық көмек көрсетуді тоқтату, сумен жабдықтау көздері арқылы вирус жұқтыру туралы жалған ақпарат тарала бастады. Біз осындай мәліметтерге сенбеуге және таратпауға, халық арасында дүрбелең туғызбауға шақырамыз. Өз тарапымыздан бұқаралық ақпарат құралдарында халықтың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша қажетті ақпараттар тарататын боламыз. Тек ресми өкілдерге сенім артыңыздар, - дейді ДСМ ресми өкілі.

Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН

Байланысты жаналықтар

БАӘ-де дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Қазақстанға оралды

08.05.2024

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

06.05.2024

Қазақстанның БАӘ елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

06.05.2024

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

06.05.2024

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

06.05.2024

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

04.05.2024
MalimBlocks
БАӘ-де дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел Қазақстанға оралды

Енді ол күйеуімен ажырасатын болды.

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады.

Қазақстанның БАӘ елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соққан

Әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтады.

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Елімізде ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Ведомство басшылығының шешімі бойынша, 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

Елімізде Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.