Қазақстандағы су тасқыны: қырылған құжатсыз малдың өтемақысы қалай төленеді

Малдың ешбір құжаты болмаса, ешбір базада тіркелмеген және өлексесі табылмаған болса, үш куәгерді тарта отырып акт толтырылады.

Malim Админ

  • 22.04.2024

Ауыл шаруашылығы саласындағы жеке және заңды тұлғаларға табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген залалды өтеу қағидалары жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құжатқа сәйкес, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде жергілікті деңгейдегі комиссия құрылады. Оған жергілікті әкімдіктердің ішкі істер органдарының (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және жергілікті қоғамдастық өкілдері кіреді.

Малы табиғи төтенше жағдай салдарынан қырылды деп есептейтін тұрғындар осы комиссияға тиісті өтінішті төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде өткізуі керек.

Мал иелеріне шығын бюджеттен де, бюджеттен тыс көздерден де өтелуі мүмкін. Бюджеттен тыс көздердің ақшасы ешбір құжаты жоқ малдың шығынын өтеуге бағытталады.

Малға өтемақы тағайындау үшін комиссия мына жайттарға көз жеткізу керек:

1) өлген малдың сәйкестендіру белгілері бар екеніне (құлақ белгісі, тавро, микрочип);

2) өлген малдың сәйкестендіру белгілері жоқ болса, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне;

3) өлексесі табылмаған малдың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркелгеніне.

Өлген малдың иесінің ауызша айтуы бойынша тиесілігін анықтау қажет болған жағдайда кемінде 3 куәгерді тарта отырып, ауыл шаруашылығы жануарының өлімінің комиссиялық актісін жасау және кәдеге жарату аяқталғаннан кейін акт жасау қажет. Комиссия, шаруашылық санатына қарамастан құс басы бойынша залалды өтеуді тиісті кәдеге жарату актілерінің қорытындылары бойынша жүзеге асырады, - делінген құжатта.

Яғни, малдың ешбір құжаты болмаса, ешбір базада тіркелмеген және өлексесі табылмаған болса, үш куәгерді тарта отырып акт толтырылады.

Өтемақы мөлшері өлген малдың жасы мен жынысына қарай Ұлттық статистика бюросы жариялайтын нарықтық құны бойынша айқындалады.

Фото: mail.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын