Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Қазіргі уақытта 4898 жеке тұрғын үй, 1542 аулалық аумақ және 2035 саяжай су астында қалды.

Malim Админ

  • 15.04.2024

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері Қазақстанда қатты су тасқыны басталғалы бері 108 мыңнан астам адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта:

11 950 адам үйлеріне оралды;
7444 адам уақытша орналастыру орталықтарында (оның 3111-і бала);
9,4 млн м3 еріген су сорылды;
2,1 миллион қап пен 1,2 миллион тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 32 963 адам мен 3 798 техника, 764 су сорғыш техника, 255 су көлігі, 14 ұшақ жұмылдырылған. Жедел желіге 1714 қоңырау түсті; психологтар 126 зардап шеккенге жедел психологиялық көмек көрсетуде.
Қазіргі уақытта 4898 жеке тұрғын үй, 1542 аулалық аумақ және 2035 саяжай су астында қалды. 3,5 мыңға жуық тұрғын үй мен 2078 аула аумақтарынан су бұрылды.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы елді мекендердегі Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, – деді Төтенше жағдайлар министрлігінің спикері Ерасыл Сайпаш.

Сондай-ақ ол еліміздің сегіз облысында: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 36 жергілікті төтенше жағдай әрекет ететінін еске салды.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен