Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 570 тұрғын үй мен 2 195 аула аумағынан су бұрылды. 

Malim Админ

  • 16.04.2024

Бүгінгі күні 13 543 адам өз үйлеріне оралды. 7 014 адам, оның ішінде 3 144 бала эвакуациялау пункттерінде, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ ресми сайтының мәліметінше, су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала, оның ішінде  тартылған әуе кемелерімен 3 649  адам, оның ішінде 1 168  бала құтқарылып, эвакуацияланды. 107 613 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 570 тұрғын үй мен 2 195 аула аумағынан су бұрылды. 5 708 жеке тұрғын үй, 1 609 аула аумағы су астында қалуда. 9,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,4 млн қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 

Зардап шеккен өңірлерге 1 445 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

ТЖМ психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда. Жедел желіге түскен
1 796 қоңырау пысықталды.

Су жүрген 91 автожол, су шайған 64 автожол, оның ішінде 9 көпір және 55 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 74 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Ақмола облысында Есіл, Жабай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жарқайың ауданының Гастелло ауылында, Жақсы ауданының Ишимское ауылында, Сандықтау ауданының Каменка ауылында 28 жеке тұрғын үй су астында қалды. 74 адам алдын ала өздігінен эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және су басу қаупіне байланысты Қызылжар ауданының Соколовка, Большая малышка, Кустовое, Вагулина, Красноярка ауылдарында 22 жеке тұрғын үй су астында қалды. 400-ге жуық адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында, Кентау қаласында және Түркістан облысы Жетісу ауданында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 6 жеке тұрғын үй мен 41 аула аумағы су астында қалды. Түркістан облысында су айдау жұмыстары толық көлемде аяқталды, 1025 текше метр су сорылды. Жамбыл облысында су айдау жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024
MalimBlocks
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын