Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды

Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

Malim Админ

  • 03.05.2024

Атырау облысы Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспананың шығынын өтеуді талап етіп, орталық алаңға жиналды. Кешкі сағат сегізде жиналған жұрт түнгі сағат 1-ге дейін тарамады, деп хабарлайды Azattyq.

Олар бір шаршы метр үшін 400 мың теңге төлеуді талап етті және ақша қолға берілсін не “есепшотымызға аударылсын” деген талап айтты. Кей тұрғынның айтуынша, алаңға жиналған тұрғындар қарасы көбейіп, бірнеше жүзге жеткен.

Олар талаптарын орындалмайынша алаңнан кетпейтінін айтқан. Халықты сыртынан полиция бақылаған.

Жиналғандардың бірі үш баланың анасы Жазира Құлмұханова туыстарының үйінде тұрудан шаршағанын айтады. Ол “үкімет суға кеткен үйдің алаңының әр шаршы метрін 400 мың теңгеден есептесе, қалаған жерден үй сатып алуға мүмкіндік туар еді” дейді. Өзі Құлсарыдан көшуді ойлап отыр, себебі “өзі тұрған жаңа үйдей баспана мұнда енді табылмайды” дейді.

Ал Толқын Қожахметова қазір бір реттік 369 мың теңге көлеміндегі материалдық көмек есебінен сарай жалдап отырғанын және мұның бәрі қанша уақытқа созылатыны белгісіз” деп шығынды тез арада өтеуін сұрайды.

Қартайғанда тым болмаса өзіміз үшін өмір сүреміз деп ойладық, балаларды түгел үйлендірдік, тұрмысқа бердік. Енді қалай өмір сүреміз деген сұраққа тағы да басымызды қатырып келеміз! Мұнай үстінде отырмыз өзіміз осы тұрғанда, ал күйіміз мынау, аянышты. Тұрғын үй алаңына қарай 1 шаршы метрге 400 мың теңге төленсін. Үйлерді қалай салуды және қайда тұруды өзіміз шешеміз, - деді Қожахметова.

Тұрғындар алдына әуелі аудан әкімі орынбасарлары Гүлнафиз Айшуақова мен Нұрболат Сарманов келді. Олар барлық тұрғын үй шығындары төленеді деп уәде берді. Кейін аудан әкімі Жұмабек Қаражанов та мұны қайталады.

Тұрғындар әкімнің уәдесінен шаршағанын, енді тек президент Тоқаевқа қайрылатынын айтады. Олар тікелей эфирде Тоқаевқа үндеу жолдап, алаңға өз үнін оған жеткізу үшін бейбіт түрде жиналып жатқанын алға тартты.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Биыл есірткі қылмыстары үшін 19 жасөспірім ұсталған

18.05.2024

Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

18.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

17.05.2024
MalimBlocks
ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Биыл есірткі қылмыстары үшін 19 жасөспірім ұсталған

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Шетелдіктердің бұзақылығынан кейін Бішкекте жаппай наразылық өтті

Жұрт шетелдіктерді қатаң жазалауды талап етті

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қандай заңдарға қол қойды?