Салтанаттың денесіндегі жарақат құлағаннан болмаған – сараптама

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова сотта марқұм Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама қорыттындысын оқыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Malim Админ

  • 04.04.2024

Сараптама нәтижесі

Салтанаттың денесінде мынадай жарақаттар бары сараптамада көрсетілген: жабық бас-ми жарақаты, беттің көп абразиясы мен көгеруі, сол жақ жүрекшенің, сол жақ құлақ бөлігінің жарақаты, мұрын сүйегінің ссынуы, иек аймағының көгеруі, абразия және көгерген жарасы, мұрын бөлігінің жоғарғы жағының, иек аймағының жұмсақ тіндеріне қан кетуі, бастың жұмсақ тіндеріне, оң және сол жақ маңдай-париетальды аймаққа қан кетуі, жедел субдуральды гематома.

– Жоғарыда сипатталған барлық дене жарақаты қатты заттың әсерінен пайда болған, - деді Оразбақова.

– Тегіс бетке бір рет құлаған кезде жоғарыда сипатталған дене жарақаттарын алу зақымның көптігіне және олардың өзара перпендикуляр жазықта орналасуына байланысты алынып тасталады, - деп жариялады адвокат.

Прокурорға ескерту

Сот барысында прокурорға Бишімбаевтан жауап алу үшін сөз берілген. Аймағанова өз сөзін сөзден бастағанда:

– Бишімбаев, біз сіздің ұстанымыңызды түсінеміз. Бесенеден белгілі, ақымаққа да түсінікті, - деді прокурор Аймағанова.

Судья Айжан Көлбаева осы сөзі үшін прокурорға ескерту жасады.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

17.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

«Әрбір қызға Айтбектей аға керек». Адвокат Жанна Оразбақова үндеу жасады

16.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

Психологтарды әбден тыңдап алған.

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

«Әрбір қызға Айтбектей аға керек». Адвокат Жанна Оразбақова үндеу жасады

Ол тұрмыста зорлық-зомбылық құрбаны болған қыздарды қолдау керек дейді.