Сенат әйелін ұратындарға қатысты жазаны күшейтетін заңды мақұлдады

Заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Malim Админ

  • 11.04.2024

Сенатқа әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жазасын күшейтетін құжат келіп түсті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Негізгі және ілеспе заң жобалары бойынша Сенат депутаттары шешім қабылдады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны қатаңдатуды, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын.

Сенатор Жанна Асанова заңдар мемлекеттік отбасы саясатының құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталғанын айтты.

Қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында қалыптасып отырған жағдай мен оның статистикалық көрсеткіштері осы саладағы құқық бұзушылықтарды криминалдандыруды, жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ететін тиімді құқықтық база қалыптастыруды талап етіп отыр, - дейді сенатор.

Заң жобасында балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсеткендерге жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынады.

Сондай-ақ денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді.

Жас баланы өлтіргені үшін (99-бап), жас балаға қатысты зорлау әрекеттерін жасағаны үшін (120-бап) және жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін Қылмыстық кодекстің қолданыстағы нормаларында көзделген басқа балама жазалау шараларын алып тастау арқылы, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді, - деді Асанова.

Заң жобасына 16 жасқа толмаған тұлғаларға сексуалдық сипатта әрекет жасағаны  үшін жауапкершілік енгізіледі.

Қылмыстық кодекске енгізіліп жатқан өзгерістердің мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың жауапкершілігін күшейту, оның ішінде балаларға қатысты жасалған құқықбұзушылықтар үшін жазалау шараларын қатаңдату, - деді ол.

Сенаторлар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жайлы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жайлы заңдарға дауыс беру арқылы аталған заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Фото: freepik.com

Байланысты жаналықтар

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

17.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

17.05.2024
MalimBlocks
Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

Зурабишвили бұған басынан қарсылығын білдірген.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қандай заңдарға қол қойды?

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

Психологтарды әбден тыңдап алған.