Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Malim Админ

  • 25.04.2024

Синоптиктер республиканың 12 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

26 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Шығыстан жел соғып, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус аяз болады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.

Шығыста, оңтүстікте, облыс орталығында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері маңында кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.

Талдықорғанда 26 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының орталығында түнде және таңертең шығыста найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстік, шығыс, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс орталығында, шығысында және батысында өрт қаупі сақталып отыр.

Қызылорда қаласында 26 сәуірде солтүстік-шығыстан жел тұрып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықимал. Өрт шығу қаупі әлі де жоғары.

26 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Алматыда 26 сәуірде түнде және таңертең қатты жаңбыр жауады. Кей кездері найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қонаев қаласында 26 сәуірде түнде және таңертең найзағай жарқылдайды.

Солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде өрт шығу қаупі әлі де жоғары.

Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстікте, облыстың оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 16 м/с дейін жетеді.

26 сәуірде Абай ауданының солтүстік, шығыс, облыс орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, күндіз екпіні 23 м/с. Сол күні Семейде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с дейін жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Өскеменде 26 сәуір күні солтүстіктен, күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жел соғады деп болжанып отыр.

26 сәуірде Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстік, батыс, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында кей кездері найзағай ойнап, дауыл соғады.

Шымкентте 26 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде бағытын солтүстік-шығысқа ауыстырады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында 26 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел тұрып, найзағай кезінде бағыты солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Фото: Tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Бүгін ауа райы қандай болады

08.05.2024

10 мамырда Алматыда Әзербайжан – Армения келіссөздері өтеді

06.05.2024

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

06.05.2024

Алматының орталығында құбыр жарылып, асфальт опырылды

04.05.2024

Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

04.05.2024

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

04.05.2024
MalimBlocks
Бүгін ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады, тұман болады деп күтіледі. 

10 мамырда Алматыда Әзербайжан – Армения келіссөздері өтеді

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Су тасқыны: 48 945 адам өз үйіне оралды

Республика бойынша 8 958 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Алматының орталығында құбыр жарылып, асфальт опырылды

Сәтбаев көшесі 2 бағыт бойынша жабылды

Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр (ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ)

Сотта жәбірленушілердің қорғаушылары сөйлеп жатыр.