Скляр СҚО-дағы Заречный кентінің тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды

Ол эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындармен түсіндірме әңгіме жүргізіп, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін саяжай аймағынан отбасыларды көшіруді бақылауға алуды тапсырды.

Malim Админ

  • 09.04.2024

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Заречный кенті Ущев көшесі мен Прибрежное ауылы бойындағы бөгеттерді аралады, Ойқаладағы су тасқынына қарсы қорғаныс бекіністерінің дайындығын тексерді, эвакуациялау пунктінің дайындығын зерделеп, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның қорытындысы бойынша Заречный кентінде тұратын 239 тұрғынды эвакуациялауды бастауды тапсырды.

Қала әкімі үлкен судың кентке үш күнде жететінін хабарлады. Ол нығайтылған бөгет судың бірінші ағынын ғана ұстайтынын атап өтті. Алайда, болжам бойынша, саяжай аумағына жан-жақтан су тасқыны келеді және 200 үйдің 132-сіне қауіп төніп тұр. Бірінші вице-премьер тез арада азаматтарды эвакуациялауды бастауды тапсырды.

Адамдарға 2017 жылмен салыстырғанда, биылғы су тасқынының ауқымды екенін түсіндіру керек, өйткені ауыл ойда орналасқан және инженерлік құрылыстар судың көтерілуіне шыдамауы мүмкін, тұрғындарды эвакуациялау үшін екі күн бар, — деді ол.

Сондай-ақ Роман Скляр эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындармен түсіндірме әңгіме жүргізіп, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін саяжай аймағынан отбасыларды көшіруді бақылауға алуды тапсырды.

Азаматтарға алдағы су тасқынының ауырлығын түсіндіріңіздер. Сергеев су қоймасынан көп су келеді, сондықтан аумақты қатты су басады. Бөгетті нығайту жеделдетілген түрде аяқталды, бірақ ол тек су аз кезеңдерінде қорғай алады. Сондықтан мұнда тұратындарды дереу эвакуациялау керек. Ешкім зардап шекпеуі қажет, — деп түйіндеді Скляр.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Сергеев су қоймасының бүкіл тарихындағы су тасқынының абсолютті максималды кезеңіне жеткенін атап өтті. Ол барлық есептеу жүргізілгенін, 12-14 сәуір аралығында Петропавл қаласына үлкен су келетінін түсіндірді.

Роман Скляр «Қызылжар Су» ЖШС сорғы станциясының стратегиялық учаскесіндегі бөгетті нығайту үшін су тасу қаупін барынша азайтуды, арнайы техниканы жұмылдыруды, инертті материалдармен және жұмыс күшімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Сорғы станциясына келетін болсақ, бұл – стратегиялық маңызды нысан. Біз қысқа мерзімде қосымша бөгетті тұрғыздық. Оның жұмысы қамтамасыз етіледі. Қосымша дизель генераторы орнатылды. Қала кез келген жағдайда үзіліссіз сумен қамтамасыз етілуі керек. Жоспарлаған жұмыстардың барлығы жалғасын табады. Одан әрі өзеннен төмен қарай, Қызылжар өңірінде жаңа бөгеттерді салуды бастаймыз. Міндет – елді мекендерді қорғау. Біз қазіргі жағдайға сәйкес, бұрыннан белгіленген жоспарлар бойынша жұмыс істейтін боламыз, — деп түйіндеді Скляр.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары жол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығын тексеріп, «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының директоры А. Қабылдинге айналма жол бойында азаматтық көліктің қауіпсіз қозғалысы үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Атырау облысындағы ауылда зират маңындағы бөгетті су шайып кетті

17.05.2024
MalimBlocks
Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Атырау облысындағы ауылда зират маңындағы бөгетті су шайып кетті

Қазір мұнда жанама бөгет салу жұмыстары жүріп жатыр.