Су тасқыны: Ақтөбе облысындағы кейбір ауылдар жойылып кетуі мүмкін

Жергілікті билік ауыл тұрғындарын облыс орталығына қоныстандыруды жоспарлап отыр. 

Malim Админ

  • 12.04.2024

Су тасқыны салдарынан Ақтөбе облысындағы бірқатар ауыл картадан жойылып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап. 

Ойыл ауданына қарасты Қаратал және Екпетал ауылдарындағы түгелдей дерлік үйлер су астында қалды. Жергілікті билік ауыл тұрғындарын облыс орталығына қоныстандыруды жоспарлап отыр. 

Қаратал ауылының тұрғыны Серік Жолдығалидің баспанасын осымен екінші рет су шайып кетті. Былтыр оған өтемақы ретінде 3 миллион теңге берілген. Бұл қаражатқа ол үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, ал жиһаздар мен тұрмыстық техникаларды ниесеге алған. Алайда биыл су тасқыны ақшаны да, еңбекті де еш етті.

Үй, қора, барлық құрал-жабдықтар мен киім-кешек –  бәрі су астында қалды. Тоңазытқыш, кір жуғыш машина, газ да ешетеңеге жарамайды. Ең өкініштісі, бұлардың ақшасын төлеу керек. Банк бұларды есептен шығарып тастамайды, – дейді Серік Жолдығали. 

Қаратал ауылында 200-ден аса үй бар. Ал оның тек 10-ы ғана аман. Қазір комиссия су тасқынынан болған шығынды есептеп жатыр. Осы уақытта тұрғындардың жартысы ауылды тастап, бірі туыстарының үйіне кетті, енді бірі эвакуациялық бөлімшелерге орналастырылды.

Газ, жарық, су барлығын өшірдік. Өйткені бұл - қауіпті. Ауылдың шетінде су тартқыш бар, әзірге сол жерден әкеліп жүрміз. Қазір ауылда көбіне ер адамдар ғана қалды. Олар қалған малды қарап, үйлердің қирандыларын жинайды, - дейді Ш. Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі Нұрлыбек Шауменов. 

Екпетал ауылын жиі су басатын болған. Көктем келе тұрғындардан маза кетеді. Ауыл тұрғындары табиғи апаттың салдарынан зардап шегіп, шығынға батпас үшін жергілікті билік оларды қауіпсіз жерге – Ойылға қоныстандырмақ. Аудан орталығының инженерлік инфрақұрылымы қазір 200 тұрғын үй салуға дайын.

Бұған дейін "Қазақтелеком" су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 1 миллиард теңге аударған еді.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.