Су тасқыны: Оралда стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау амалдары күшейтілді

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6,3 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника тартылып отыр.

Malim Админ

  • 16.04.2024

Батыс Қазақстан облысында тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, Оралда «Батыс су арнасы» ЖШС, «Жайықжылуэнерго» АҚ нысандары мен сорғылау стансасында су тасқынына қарсы жұмыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласында сумен жабдықтау жұмысы 2  түрлі көзден жүзеге асырылады: жер асты сулары мен Жайық өзені арқылы. Қаланың 340 мың халқын сумен қамтамасыз ететін «Батыс су арнасы» коммуналды кәсіпорны қазір қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Мәселен, қажетті су мен оны тазалауға арналған реагенттер қоры жеткілікті деңгейде. Апатқа қарсы бригадалар, кәсіпорынның 820 қызметкері мен 82 арнайы техника дайын тұр.

Жайық өзені бойындағы стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау үшін бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары алдын ала қолға алынған. Су таситын арнайы көлік қарастырылған, — деді «Батыс су арнасының» бас инженері Аян Тасқали.

«Жайықжылуэнергосына» 248 шақырымнан астам қалалық жылу жүйесі қарайды. Аталған нысандардың аумағында, оның ішінде  аса қауіпті учаскелерде су тасқынына қарсы жұмыс аясында құм-қиыршық тас қоспасымен толтыру амалдары күшейтілді. Тиісті жұмыстарған 180 адам мен 15 арнайы техника жұмылдырылып отыр.

Тұтастай алғанда, Батыс Қазақстанда барлығы 20 мың шақырымнан астам электр желісі бар. Айталық, төрт ауданда 20-дан астам, сондай-ақ Орал қаласында 16 қосалқы станса жұмыс істеп тұр. Олар қырда орналасқандықтан су басу қаупі жоқ. Бұған қоса превентивті амалдар қолға алынып, шаһардағы екі қосалқы стансада қап төсеу, қорғаныс үйіндісін орнату жұмыстары қарқын алды. Сонымен бірге апатқа қарсы бригадалар, 1400 қызметкер мен 140 арнайы техника дайын тұр. 

Осы ретте Жайық өзенінде орналасқан сорғы стансасын қорғау шаралары да қабылданғанын айта кетейік.

Жайық өзенінің жағасында "Жайықжылуэнерго" мекемесін сумен, сондай-ақ қала халқын ауыз сумен қамтамасыз ететін сорғы стансасы бар. Одан күнделікті шамамен 60 мың текше метр су аламыз. Бұл стратегиялық нысан болып саналады. Сондықтан оның айналасына қап төсеп жатырмыз, — деді Энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Мирас Мүлкәй.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан өңірінде алдағы су тасқынына дайындық аясында қажетті күш жұмылдырылды. Өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6,3 мыңнан астам адам және 1,5 мың техника тартылып отыр. Тұрғын үй алаптарын нығайту бойынша шаралар қабылдануда.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.