Шымкентте белгісіз ер адам тал түсте әйелді теуіп, бетінен ұрған

Әлеуметтік желіде Лаура есімді әйел көшеде белгісіз ер адамнан жәбір көргенін айтып, бейнежазба жариялады. Видеодан еркектің еш себепсіз әйелді теуіп, оған қол көтергенін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz. 

Malim Админ

  • 03.04.2024

Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында 13 ақпан күні белгісіз ер адамнан еш себепсіз зәбір көргенін айтты.

Видеодағы мен. Бұл жағдай менің үйімнің жанында сағат 18:10 шамасында болды. Жай ғана тұрған едім. Соққы алып, миым шайқалды, – деген ол оқиғаға қатысты бөлек жазба жариялайтынын жазды.

Жәбірленушінің айтуынша, ол 13 ақпан күні құрбысының туған күніне бармақ болып, гүл дүкенінен гүл шоғын сатып алады. Дүкен жанында такси күтіп тұрғанда кенет арқасынан соққы алды.

Артыма қарасам, қоршауға сүйеніп құлап бара жатқан ер адамды көрдім. Неге екенін білмеймін, мен бір орында қатып қалдым, ештеңе айтпадым. Ол мені байқамай қағып кетті екен деп ойладым. Ол орнынан тұрып, басымнан қатты ұрды. Мен көзілдірігімнің қалай ұшып кеткенін байқамай қалдым. Ол маған сондай қорқынышты көздерімен қарап тұрды, – деп жазды әйел.

Ең сорақысы оқиға болған кезде өткен-кеткен адамдар әйелге араша түспеген. Ол айғайлап, айналасындағы адамдарды көмекке шақырған.

Өз-өзіме келген соң “Полиция, көмектесіңдер” деп айғайладым. Сосын дүкен жаққа қарай қаштым. Полицияға хабарластым. Айналамдағы адамдардан еш көмек болмады. Әйелдер, ер адамдар жанымнан өтіп жатты. Маған ешкім назар аударған жоқ. Мен дірілдеп кеттім. Қатты жыладым. Жанымдағы адамдар менен: “Сен оған не деп қойдың?” деп сұрады. Бұл сұрақты маған үлкен тәтелер, тіпті тергеуші мен криминалист те қойды. Маған қол көтерген адам да мені тауып алып, полицияның көзінше өлтіремін деп айғайлады”, – дейді жәбірленуші. 

Кейін әйелге 50 жастағы ер адамның шабуыл жасағаны белгілі болды. Жәбірленуші басынан алған соққыдан кейін миы шайқалғанын айтты. Ер адамның тепкісінен кейін белі ауырып, сондай-ақ психологиялық жарақат алған.

Шымкент қалалық соты бұзақылығы үшін 50 жастағы ер адамның қамауға алынғанын мәлімдеді. 

Сотталушы 2024 жылы 13 ақпан сағат 18:00 шамасында Шымкент қаласы Нұрсәт тұрғын алабының №1 ғимаратының жанында орналасқан "Нұрсәт-2" дүкенінің алдында мас күйде еш себепсіз жәбірленушінің арқасынан аяғымен тепкен. Кейін жұдырығымен бетінен ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен, сот сараптамасының қорытындысымен, іс бойынша жиналған басқа да айғақтармен дәлелденді, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен ер адам бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жазаны тағайындау кезінде сот сотталушының аса қатты ауыр емес бұзақылық жасағанын, өз кінәсін мойындағанын және оның істеген ісіне шын жүректен өкінгенін ескерді. Сондай-ақ сотталушының 3-топтағы мүгедек екені белгілі болды, – делінген хабарламада.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан жігіт ұсталды (ВИДЕО)

18.05.2024

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

17.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Баласын пышақтап өлтірген шымкенттік ер адам мәжбүрлеп емделетін болды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Мешіт имамы оқиғаның қалай болғанын айтты

15.05.2024
MalimBlocks
Бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Оның қамауға алынған видеосы жарияланды

Әйелдер билікті алып, еркектер үйкүшік болып қалды – Қалдыбек Құрманәлі

Психологтарды әбден тыңдап алған.

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Баласын пышақтап өлтірген шымкенттік ер адам мәжбүрлеп емделетін болды

Мас халде өз үйінде туған ұлымен жеке бас араздықтың салдарынан пайда болған ерегіс кезінде асханалық пышақпен баласына бірнеше рет жарақат салған.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Мешіт имамы оқиғаның қалай болғанын айтты

Оқиға 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.