Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 

Malim Админ

  • 03.05.2024

Атырау облыстық "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингіне сәйкес, 3 мамыр сағат 8:00-дегі жағдай бойынша БҚО аумағынан судың келуі есебінен Жайық өзенінде су деңгейі өзгерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері мәлімдеді. 

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 788 см, деңгейдің +38 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 565 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің деңгейі 812 см, деңгейдің тәулігіне +17 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см, қауіпті деңгейге дейін 38 см қалды.

Жайық өзені – Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 471см, тәулігіне деңгейдің көтерілуі +12 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 280 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, – делінген Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы жолдаған хабарламада.

3 мамырда Ирикла су қоймасынан су жіберу 141 м3/с құрайды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

19.05.2024

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

19.05.2024

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

18.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Атырау облысындағы ауылда зират маңындағы бөгетті су шайып кетті

17.05.2024

«Ақша қолға берілсін»: Құлсарылық әйел облыс әкімі орынбасарының микрофонын жұлып алды

16.05.2024
MalimBlocks
ТЖМ су тасқынына қарсы шаралардан хабардар етті

Уақытша нысандарда әлі де 5 мыңнан астам адам бар

Атырау мен Индербор, Махамбет ауылдарында су қалыпты деңгейінен жоғары

Облыстық жедел штаб бүгінгі мәліметті таратты

Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәлімет

Индербор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында жағдай қиын

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Атырау облысындағы ауылда зират маңындағы бөгетті су шайып кетті

Қазір мұнда жанама бөгет салу жұмыстары жүріп жатыр.

«Ақша қолға берілсін»: Құлсарылық әйел облыс әкімі орынбасарының микрофонын жұлып алды

Баспанасы бұзылғандар үйлерінің әрбір шаршы метрі 400 мың теңгеден есептелгенін талап етіп отыр.