50 мың еуро айыппұл: Sputnik пен RT-ға сілтеме жасауға болмайды

Еуропалық комиссияның мәліметінше, бұл медиалар Путинді ақтап, өтірік ақпарат таратқан.

Олжас Қасым

  • 20.04.2022

Австрия парламенті жаңа заң қабылдады. Енді ресейлік RT және Sputnik материалдарына сілтеме жасағандар 50 мың еуро  айыппұл төлейді. Бұл туралы  "Россия сегодня" және Russia Today басылымдарының  бас редакторы Маргарита Симоньян түсініктеме берді.

"Австрияның жаңа Заңы БАҚ-қа да, қарапайым адамдарға да қатысты. Әлі де қанды режим сақталып отыр", - деп жазды Симоньян өзінің телеграм-каналында.
Мұндай шешім Австрияның БАҚ туралы Заңына түзетулер енгізу барысында шыққан. Заңды наурыз айының соңында елдің ұлттық кеңесі  қабылдады.

KommAustria байланыс басқармасы 14 сәуірден бастап RT мен Sputnik-тің хабар таратуына тыйым сала бастады.  Аталған БАҚ материалдарын теледидар, радио, интернет платформалар мен әлеуметтік желілерде таратуға шектеу қойылып отыр.  

Еуропалық комиссия ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарын Украинадағы соғыс туралы жалған ақпарат таратқаны үшін шектейтінін мәлімдеді. 
Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың атқарушы органы Sputnik және RT медиа компанияларын  Украина соғысындағы үгіт-насихат құралы деп тыйым салды.

Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен:

"Аталған медиалар сондай - ақ олардың еншілес компаниялары Путиннің соғысын ақтай алмайды.  Біздің одақтан бөліну үшін енді өтіріктерін таратпайды. Біз олардың Еуропаға улы және зиянды, жалған ақпаратына  тыйым салатын құралдарды жасап жатырмыз" деді.

Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров батыстың ресейлік журналистерге, спортшыларға және мәдениет өкілдеріне санкциялар енгізгенін  күтпегенін айтты. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі Кеңестің басшысы Валерий Фадеев ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейрге үндеу жолдап, баспасөз еркіндігін сақтауға шақырды.     
 Дегенмен, ресейлік агенттіктер Еуропадағы қызметкерлерін жұмыстан шығаруды жоспарламайтынын мәлімдеп отыр. 

Айта кетейік, RT-де үлкен онлайн-аудитория қалыптасқан.  Яғни телевизия мен сайтқа тыйым салу оның қол жетімділігін шектей алмайды. Оның YouTube-те 4,6 миллион және Facebook-те 7,4 миллион қолданушысы бар.

Ақпан айының басында Германия билігі RT-ның хабар таратуын тоқтатқан.  Ресей тез арада мемлекет қолдайтын Deutsche Welle телекомпаниясының Мәскеу бюросын жауып, қызметкерлерінің аккредитациясын қайтарып алды. 

Ресейге жақ болған британдық саясаткерлер сөз бостандығына сілтеме жасап, RT-ге тыйым салуды қолдамайтынын айтқан. Ofcom мәліметтері бойынша, Ұлыбританиядағы RT лицензиясының иесі, жаңалықтар телеарнасы Ресей тарапынан бақыланады және қаржыландырылады.  

Байланысты жаналықтар

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

20.05.2024

Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

16.05.2024

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

14.05.2024

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

13.05.2024

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

11.05.2024

Санкт-Петербургте қаза тапқан жолаушылар арасында Көкшетау тумасы бар болып шықты

11.05.2024
MalimBlocks
Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

Зурабишвили бұған басынан қарсылығын білдірген.

Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

Ресми бөлімнен кейін Ресей мен Қытай басшылары бейресми жағдайда әңгімелеседі.

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ол Ресей құрамасының ойындарын ғана көретінін айтты

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Енді ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

Ольга Мамраимова мұрагерлікке қалған пәтерін әкімдік алып қойғанын айтады.

Санкт-Петербургте қаза тапқан жолаушылар арасында Көкшетау тумасы бар болып шықты

Қайғылы оқиғадан барлығы 7 адам өлген