Алматыда Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтіп жатыр

Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей елінің сейсмолог ғалымдары қатысуда

Есенжол Елекенов

  • 26.09.2023

Алматыда «Орталық Азиядағы жер сілкінісін болжау, сейсмикалық қауіпсіздік пен қатерді бағалау» тақырыбында XI Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтуде. Оған Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей елінің сейсмолог ғалымдары қатысып жатыр.

Бұл жиында сейсмикалық қауіпті аймақтарды кешенді бақылау, сейсмикалық қауіпті бағалау, табиғи және техногендік жер сілкіністерінен болатын залалды азайту әдістері мен технологияларды енгізу және жер сілкінісіне төзімді құрылыс тәжірибелері талқылануда.

-Бұл Симпозиум үш тақырып аясында өтеді: Сілкініс қаупін анықтау, қатты желден болатын сілкініс пен жер сілкіністерін болжаудың ғылыми негіздері. Енді көршілес елдерден келген сейсмолог мамандары өздерінің методикалалық-әдістемелік негіздерін, оны іске асыру жолдарын айтады. Өздеріңіз білесіздер Түркияда болған жер сілкінісі кезінде қаншама адам опат болды. Сол жағдайды еліміздің сейсмолог мамандары сейсмологиялық үрдістерін әлі талқылау үстінде. Жер сілкінісі қаупін анықтау мәселесі бойынша қазір өзіміздің сейсмолог мамандар ғылыми бағдарламалары бойынша жер сілкінісі болады-ау деген қауіпті аймақтардың карталарын жасады. Жалпы сейсмология саласының міндеті — қай жерде қандай сілкініс болады соны анықтап беру. Ал құрылысты қалай, қандай материалдардан салу керек екені құрылыс компанияларының және соған жауапты мекемелердің құзырында,-дейді Қазақстандағы сейсмология институты директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Ол Қазақстан-Қытай ынтымақтастық аясында бірлескен ғылыми жобалар сәтті жүзеге асырылып келе жатқанын айтады. Сөзінше, қытайлық, ресейлік ғалымдардың қатысуымен жер қыртысының қазіргі заманғы қозғалыстары зерттелмек.

-Мұндай зерттеулер ШҰАА, Қырғызстан және Қазақстан ұйымдарының қатысуымен Тянь-Шань тау жүйесін сейсмикалық аудандастырудың детерминистік картасын әзірлеу және сейсмикалық қауіп пен қатерді бағалау үшін маңызды. Аталған шараның өзектілігін ескере отырып, Халықаралық симпозиум аясында тәжірибелік ынтымақтастық орнатуға көңіл бөлудеміз,-дейді.

Орталық Азияда жер сілкіністерін анықтау институтының директоры Болат Молдабеков (Қырғыз елінің ғалымы - ред.) сейсмикалық жағдайды алдын ала ескертетін және жер сілкінісі кезінде жарық, газ, лифтты автоматты түрде айырып тастайтын арнайы система ойлап тапқандарын айтады.

-Бұл жүйе бойынша жақында Ташкентте презентация жасалды. Қазақстандық әріптестерімізбен мұны іске асыру бойынша екі жылдан бері талқылап келеміз. Енді жүзеге асыратын кез келді,-деді Болат Молдабеков.

Симпозиумда Қытай жер сілкінісі әкімшілігі жанындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жер сілкінісі жөніндегі агенттігінің директоры Ю Джи Юнь Орталық Азияның сейсмолог мамандарымен бірлесіп сейсмикалық аймақтарды бақылауды күшейтетіндерін айтты.     

Байланысты жаналықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024
MalimBlocks
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.