АҚШ Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанға өтініш жасады

Malim Админ

  • 03.07.2021

Ақ үй әкімшілігі Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан АҚШ әскеріне көмектескен тоғыз мың Ауғанстан азаматын қабылдауды өтінді. Бұл жөнінде Bloomberg басылымы хабарлады.

«Байден әкімшілігі Орталық Азиядағы үш мемлекеттен АҚШ пен НАТО әскері Ауғанстан аумағынан шығарылғаннан кейін Талибан нысанасына іліккен мыңдаған ауғандықты уақытша қабылдауды өтінді», - делінген басылым таратқан мәлімдемеде.

Bloomberg мәліметінше, АҚШ бұндай өтінішті Ауғанстандағы Баграм әуе базасын тастап шыққанан кейін жасаған. Себебі Баграм базасын Ауғанстан ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштеріне табыстау АҚШ әскерінің ауған жерінен толықтай кетуін білдіреді.

Бұған дейін АҚШ Ауғанстан аумағындағы әскерін 11 қыркүйекке дейін шығаратынын, ел аумағында дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 650 сарбаз ғана қалатынын мәлімдеген. Бірақ бұл процесс жоспарлағаннан әлде қайда жылдам жүзеге асырылған.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?