Депутаттар Қазақстанды аутсайдерлер қатарынан көргісі келе ме?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 16.09.2021

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәліметінше, әлемде 12 ел ғана әлеуметтік желілерге шектеу қойған және олардың барлығы сөз бостандығы бойынша аутсайдер.

«Қыркүйектің 15-і күні мәжіліс депутаттары бір ауыздан шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желі иелерін Қазақстанда жұмыс істеуі үшін тіркеліп, бөлімше ашуға міндеттейтін заң жобасын мақұлдады. Балаларды интернет, кибербулинг, агрессия, қылмыс және суицидтен қорғау құптарлық дүние. Бірақ депутаттарды мектеп, отбасы, медицинадағы балалар мәселесі алаңдатпайтын сияқты»,- делінген қор жариялаған мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, мәлімдемеде «Әділ сөз» ұйымы заң жобасын ұсынған депутаттардың бірі Айдос Сарымның бұған дейін Орда.кз сайтына берген сұхбатына күмәнмен қарайды. Онда ұйым әлемде 12 ел ғана әлеуметтік желілерге шектеу қойғанын және олардың сөз бостандығы бойынша артта қалғанын алға тартады.

«Facebook, Instagram, Twitter қазақстандықтардың есебінен миллиардтаған доллар пайда табуда. Олар қойылған талаптарды орындайтын болады» дейді депутат Айдос Сарым Орда.кз сайтына берген сұхбатында. Бірақ біз қазақстандықтар Facebook қолданушыларының он мыңнан бір пайызын құрайтынын жақсы білеміз. Егер Facebook Қазақстанда тіркеуден өтуден бас тартса не болады? Былайша алғанда өте жақсы идея. Шетелдік пышақ өндірушілерді де Қазақстанда бөлімше ашуға міндеттейік. Пышақ салу оқиғалары азаятын шығар. Шетелдік автокөлік гиганттарын Қазақстанда тіркеуге алайық, жол апаты азаяр. Айтпақшы, әлемде 12 ел ғана әлеуметтік желілерге шектеу қойған. Оларды дамыған елдердің қатарына жатқызу қиын. Есесіне, олар сөз бостандығы бойынша аутсайдарлер қатарында. Депутаттардың біздің елімізді неге олардың қатарында көргісі келетіні қызық?», - делінген мәлімдемеде.

Қыркүйектің 15-і күні парламент мәжілісі әлеуметтік желі мен мессенджерлерге байланысты заң жобасын мақұлдаған. Онда шетелдік әлеуметтік желі иелергі ел аумағында жұмыс істеуі үшін Қазақстанда тіркеліп, бөлімшесін ашуы тиіс. Заң жобасын ұсынған депутаттардың сөзінше, бұл балаларды ғаламтордағы зорлық-зомбылық пен кибербулингтен қорғайды. Журналистер мен азаматтық қоғам өкілдері депутаттардың бұл уәжімен келіспейді. Олар бұл сөз бостандығын кезекті рет тұншықтыру деп есептейді.

Фото: 123ru.net

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?