Досаевтың отставкасы Алматының арманына айналып барады

Алматыдағы «заңсыз салынған» құрылысқа қарсылық акциясы кезінде бір адам қайтыс болып, шара соңында жиналғандар Ерболат Досаевтың отставкасын талап етті.

Ақниет Аманжолқызы

  • 13.06.2022

Оқиға 11 маусымда Бостандық ауданындағы Короленко көшесінде орын алған. Тұрғындар осы көше бойымен салынып жатқан «Терра» тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтатуды талап етіп, көшені жапқан. Осының әсерінен кептеліс пайда болып, тоқтап тұрған көлік жүргізушілерінің бірі тұрғындармен жанжалдасады. Тұрғындардың бірі жүргізушіні жолға итеріп, ол құлап, басынан алған жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды. Полиция кінәлі тұрғынды тұтқындап алып кетті.

Алайда оқиға мұнымен біткен жоқ. Қарсылық акциясы күшейіп, тұрғындар талабы да өзгере бастаған. Олар адам өліміне өздерімен жүргізушілерді қақтығыстырып, араға түспеген әкімдік өкілдері де кінәлі деп есептейді. Және қала әкімі Ерболат Досаевтың отставкаға кетуін талап етті.  

«Бізге бұндай әкімнің керегі жоқ» деген тұрғындар заңсыз құрылыстарға келісім беретін, ал митинг өткізуге келісім бермейтін әкім Досаев өз орнын босатуы керек деп есептейді.

Айта кетейік, «Терра» тұрғын үй кешені тура жанында орналасқан бес қабатты үйдің ауласын жауып, көлік тұрағын да алып қойған. Осының салдарынан бес қабатты үйдің есігі бірден кішкене көшеге шығатын болған. Ал бұл көшеде көлік қозғалысы тоқтамайды. Тұрғындар көшенің үйге осындай жақын болуы адамдардың өміріне қауіпті екенін айтады. Осыған дейін олар бірнеше рет көшеге шлагбаум қою туралы өтініш айтып, акциялар өткізген. Осы жолы ресми рұқсат алып, митинг өткізбек болған. Алайда Алматы әкімдігі митинг өткізуге келісім бермеген.

Еске сала кетейік, Қаңтардағы қанды қырғыннан кейін Алматы тұрғындары сол кездегі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп, петиция жинаған. Көп ұзамай яғни қаңтардың соңында Тоқаевтың бұйрығымен Сағынтаев қызметінен кетіп, орнына Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев тағайындалған. Алайда тұрғындарға оның да кандидатурасы ұнамай, 6 ақпан күні «Досаев отставкаға кетсін», «Алматы әкімін өзіміз сайлаймыз» деген ұрандармен Досаев аппараты рұқсат берген митинг өткен. Айта кетейік, оған дейін 4 ақпанда Қаңтар құрбандарын еске алуға арналған митинг өткізуге рұқсат берілмеген. Осыдан кейін 13 ақпан күні Қаңтар оқиғасынан 40 күн өткенде Тәуелсіздік таңы монументіне жиналған жұрт Досаевты кездесуге шақырған, әкім келмегесін жұрт тағы да отставкаға кетуін талап еткен.

Досаев әкім болып келмей тұрып-ақ Алматы тұрғындары оған қарсы петицияға қол жинаған. Алайда бұл жолы петицияның да, митингтердің де әсері болмады. Досаев та өз отставкасын талап еткен халыққа жауап бермеді. Петициядан кейін Сағынтаевты алып тастаған Тоқаев та жаңа әкімге тиіспеді.

Біз оқиғаға байланысты Алматы әкімдігіне хат жолдадық.

Байланысты жаналықтар

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

16.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024
MalimBlocks
20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.