ЭКСПО тендері: гүл өсіруге 48 миллион

Malim Админ

  • 22.05.2020

2 миллиард доллар жұмсап өткізген "ЭКСПО-2017" көрмесінің аумағы мен павильондарын ұстау үшін үкімет әлі де миллиардтарды жұмсап жаттыр. "QazExpoCongress"АҚ ЭКСПО аумағында гүл егіп, оны күту жұмыстарының өзіне биыл 48 521 500 теңге жұмсамақ.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ былтыр атауын "QazExpoCongress"АҚ-ға ауыстырып, сауда және интеграция министрлігінің иелігіне өткен.

"QazExpoCongress"АҚ  4 мамыр күні "ЭКСПО" аумағында гүл егу және күту жұмыстарына тендер жариялаған. Тендер 19 мамыр күні аяқталған, бірақ байқауға түскен өтініштер әлі қарастырылып жатыр. Тендерді ұтып алған компания 3518 шаршы метр аумаққа бес түрлі гүл отырғызуы тиіс. 3662 шаршы метр аумақтағы гүлдерді 30 қыркүйекке күтуі керек. Әрі 144 шаршы метр аумақта қыш құмыраларға гүл егуі қажет. Техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, өнім беруші ЭКСПО аумағына бес түрлі гүл отырғызады.

Өнім берушінің кемі бір әкімші қызметкері, екі агрономы, екі ландшафт-дизайнері, екі флорист-дизайнері, гүл отырғызу жөніндегі 30 адамы болуы тиіс.

Бірақ гүл отырғызып, оны суарып күту – ЭКСПО аумағын ұстауға жұмсалатын шығындардың бергі жағы ғана. Биыл "QazExpoCongress" құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізбек. Бұл тендерге өтініштер 2019 жылдың 30 желтоқсанынан 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданды. Тендерге  4 миллиард теңгеден астам сома бөлінеді. Әзірге тендерді кім ұтқаны белгісіз, мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметке қарағанда,  байқаудың қорытынды хаттамасы жасалып жатыр. Лотқа сәйкес, өнім беруші С3.6 павильонын Astana Hub IT стартапы - халықаралық технопаркі орналасатындай қайта құрылымдауы тиіс. Бұған бас-аяғы 4 656 227 227 теңге (11 миллион доллардан астам сома) бөлініп отыр. Тендер биылғы жылдың 9 қаңтарында аяқталғанымен, мемлекеттік сатып алулар порталында оның техникалық ерекшелік құжаты мен басқа да құжаттары атымен жоқ.

Оны былай қойғанда, "QazExpoCongress" 4 миллиард теңгеден астам құрылыс-монтаж жұмыстары қалай жүріп жатқанын техникалық бақылау үшін 124 миллион теңге бөліп, бөлек тендер ойнатқан. Инженерлік-кеңесшілік қызмет деп аталатын екі лоттың соммасы – 124 991 935 теңге. Қызығы, тендер 30 желтоқсан күні аяқталғанымен, оның не техникалық ерекшелік құжаты, не келісімшарты мемлекеттік сатып алулар порталында жоқ.

Бұл "QazExpoCongress-тің" биылға жоспарлаған тендерінің бір бөлігі ғана. Осыдан үш жыл бұрын 2 миллиард доллар жұмсалып,  "болашақ энергиясы" ұранымен өткен ЭКСПО елге сол бойы түк бермеді. Бас қала әлі де көк түтінге тұншығып отыр. Үш айлық науқан үшін 2 миллиард доллар кетірілген ЭКСПО әлі де бюджет қаржысын теспей сорып отыр.

Байланысты жаналықтар

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

13.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024

Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

13.05.2024
MalimBlocks
Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.

Өзбекстаннан келген қазақ баласы «Elorda Cup» турнирін нокдаунмен бастады

Өзбекстаннан тарихи Отанына оралған боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді