"Еңбекке жарамсыз" Есімов зейнетке кететін болды

Malim Админ

  • 26.03.2021

Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов наурыздың 29-ы күні қызметінен босатылып, зейнетке шығады. Бұл жөнінде КазТАГ басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, 29 наурызда Ахметжан Есімов зейнетке шығып, оның орнына келетін жаңа төраға елге таныстырылады. КазТАГ-тың қаржы саласындағы дерек көзінің айтуынша, дәл осы күні мемлекет басшылығы Есімовқа алғыс айтып, шығарып салмақ. Ол осы уақытқа дейін басшылықтан қызметтен босатуларын сұраған.

«29 наурызда Есімовті зейнетке шығарып салу шарасы өтеді. Оған мемлекет басшылығы алғыс айтады. Есімов демалысқа кетуді бұрынан сұрап жүрген. Бірақ басшылық коронавирус мәселесін шешу кезінде жұмыс істей тұруын сұраған. Осы жиын барысында қордың жаңа төрағасы таныстырылады», - деген дерек көз сөзін жариялады басылым.

Бұған дейін, наурыздың 20-ы күні әлеуметтік желіде Ахметжан Есімовтің қызметінен босатылғаны жөніндегі қаулы көшірмесі жарияланған. Онда Есімовтің «уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қызметтен босатылғаны» жөнінде, оның орнына «Алмасадам Сатқалиев төраға қызметін атқаратыны» жөнінде айтылған.

Оқи отырыңыз: “Еңбекке жарамсыз”: Есімовтің отставкаға кеткені рас па?

Ахметжан Есімов 15 желтоқсанда 70-ке толған. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі және саясаттағы ескі гвардия өкілдерінің қатарына кіреді.

Ахметжан Есімов Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы болып 2017 жылы тағайындалған. Оған дейін «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы, Алматы қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Есімов Алматы қаласының әкімі болып тұрған уақытта «Тәуелсіздік күні қалада болмаймын», «тауға тікұшақпен шығып, шаңғымен түсеміз», «әйелімнің үйінде тұрып жатырмын» деген сөздерімен ел есінде қалған.

Алмасадам Сатқалиев 2018 жылы Самұрық-Қазына әл-ауқат қорының Активтерді басқару және жекешелендіру басқармасының директоры болып тағайындалған. Бұған дейін «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Байланысты жаналықтар

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

13.05.2024

Алматыда есірген жігіт жұрттың мазасын алды

12.05.2024
MalimBlocks
Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

«Найзағай, жаңбар»: 14 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.

Алматыда есірген жігіт жұрттың мазасын алды

Оны полиция ұстап әкеткен