«Ерлік майданда ғана жасалмайды»: Тоқаев мереке қарсаңында марапаттар тапсырды

Президент ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі үш миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді.

Malim Админ

  • 06.05.2024

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, осы екі мейрам жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын паш ететінін, батыр бабаларымыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы антқа адал болудың үлгісін көрсетті. Алапат тасқынға төтеп беру үшін 9 мыңнан астам әскери қызметші жұмыла еңбек етті. Мыңнан астам техника жеткізілді. Сын сағатта халқымыздың асыл құндылықтары анық байқалады. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысында апатқа қарсы күрескен 300 сарбаздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Олар күні-түні бөген салып, қаланы қарғын судан құтқаруға атсалысты. Жергілікті тұрғындар бұл сарбаздарға айрықша риза болды, оларды зор құрметпен шығарып салды. Міне, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы. Мұндай мысалдар аз емес, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетілетінін айтты.

Осы ретте ардагерлерге мерекеге орай жыл сайын қосымша төлемақы берілетінін, ал биыл оның көлемі үш миллион теңгеге дейін өскенін жеткізді.

Сонымен қатар өзінің бастамасымен биылдан бастап «Айбын» орденінің үш дәрежесі даңқты батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың атымен аталатынын еске салып, ұлт перзенттерінің батылдығы мен батырлығы бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін үлгі-өнеге болатынына назар аударды.

Мемлекет басшысының айтуынша, геоосаяси тұрақсыздық белең алған қазіргі жағдайда мықты әрі дайындығы сақадай сай әскердің маңызы айтарлықтай арта түсті.

Біздің әскери қызметшілеріміз БҰҰ аясындағы түрлі бітімгерлік операцияларға қатысып, өздерінің кәсібилігі мен жоғары деңгейдегі жауынгерлік машығын көрсетіп келеді. Жуырда Қазақстан Голан жоталарындағы миссиясын дербес орындау жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мандатына алғаш рет ие болды. Соңғы жылдары әлем елдерінің әскери қуаты туралы рейтингтегі орнымыз едәуір жақсарды. Бұл әскеріміздің дайындығы жоғары екенін әрі үйлесімді әрекет ететінін білдіреді. Қазақстан жер-жаһанға өзін бейбіт ел ретінде танытты. Біз барлық мемлекетпен достық қатынас орнаттық. Кез келген шиеленісті сындарлы диалог арқылы шешу керек деп есептейміз. Бірақ арқаны кеңге салып, қамсыз отыруға болмайды. Қуатты әскеріміз түрлі қатерге сақадай сай тұруға тиіс. Мықты әскер – елдіктің тірегі, – деді Президент.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда байланыс қызметкерлері неге мерекелерді ұнатпайды

17.05.2024

Тоқаев Малайзия премьер-министрімен келіссөз жүргізді

16.05.2024

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

16.05.2024

Бүгін – халықаралық Отбасы күні

15.05.2024

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

14.05.2024

Президент Мәдиевке бірқатар міндет жүктеді

14.05.2024
MalimBlocks
Қазақстанда байланыс қызметкерлері неге мерекелерді ұнатпайды

Kcell компаниясының нағыз патриоты

Тоқаев Малайзия премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Президенттің айтуынша, дипломатиялық қатынастар орнаған отыз жыл ішінде екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасты.

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

Ауғанстанда күрделі әрі түрлі бағыттағы процестер жүріп жатыр.

Бүгін – халықаралық Отбасы күні

Мықты және бақытты отбасы – бүкіл қоғамымыздың, бүкіл мемлекетіміздің табысты дамуы мен өркендеуінің негізі.

Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады

2024 жылы Құрбан айт мерекесі 17 маусымға сәйкес келеді.

Президент Мәдиевке бірқатар міндет жүктеді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берілді.