Кәсіподақ еңбек қатынастарын реттейді  

Кәсіподақ мүшесі көбейген сайын, олардың күші, пәрмені   артады

Malim Админ

  • 26.07.2022

       Қазақстандық еңбек адамдарының өмір сапасын алдыңғы орынға қоюда    кәсіподақтардың маңызы алабөтен.   Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үнемі екпін түсіре айтып келеді.  


«Кәсіподақ – еңбек адамының құқығын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі. Түрлі кәсіппен айналысатын еңбек адамдары – ұлт игілігінің қайнар көзі.  Біз еңбекті Қазақстан қоғамының негізгі құндылығының бірі ретінде дәріптеуіміз керек. Бұл – менің нақты ұстанымым» деді мемлекет басшысы.  Мұндай қоғамдық қауымдастықтар жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттестірумен айналысуда. Нарық жағдайында кәсіподақтардың рөлі тіпті бөлек екенін уақыттың өзі дәлелдей түсті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біршама  қиындықты бастан кешірсе де кәсіподақтар қызметкерлердің құқығын қорғауда аянып қалған емес.  Еңбек адамдарының мүддесін қорғайтын мұндай ұйымдар әр қала, ауыл, ауданда бар. Елімізде олардың мәртебесі мен құқығы конституциямен, еңбек заңдарымен, кодекстермен айқындалған. Кәсіподақтар туралы заң Қазақстанда алғаш рет 2014 жылы қабылданғаны мәлім. Аталған заңдық құжат басшылар мен еңбек ұжымдары    арасындағы  түсінбестіктердің  алдын алуда жиі қолданылады. 

Бүгінде әр құрылымда, мекемеде салалық кәсіпорындар жұмыс істейді.  ҚР мәдениет, спорт, туризм және ақпарат салалық кәсіподағында жүз мыңнан астам  мүше бар.  Кәсіподақ төрағасының орынбасары Берік Көпбаев  Президент Тоқаевтың  ашық, халық үнінін тыңдайтын мемлекет құруға пәрмен беріп отырғанын қуана құптайды. Бір мақсатқа бірігуге кәсіподақтар қашанда дайын дейді ол.  

Көпбаевтың пікірінше, әлем елдерінде  кәсіподақтар кең қолдау тапқан.  Әлеуметтік- экономикалық күрделі мәселелер осы қауымдастықтың араласуымен реттеледі. Сондықтан шет елде, әсіресе дамыған мемлекеттерде  кәсіподақтың орны салмақты, пәрмені зор. Бұл ретте отандық кәсіподақтардың да серпілер сәті келді. 

«Бұл бағытта айтулы жұмыстар жасалып келеді. Кәсіподақ Үкіметпен, Министрлік пен үш жақты, салалық кәсіподақтар өздеріне қарасты министрліктермен екі жақты келісім шарттар жасасып, көп шаруаларды жүзеге асыруда. Мәселен еңбекақының жыл сайын  сатылап 20%-ға өсуі, осы келісімшарттардың арқасы». 

Президент Тоқаев әсіресе мәдениет пен спортты дамытуға, оның маңызына назар аударып келеді. Себебі,  кез-келген өркениетті ел мәдениеті мен білімімен  әлемдік бәсекеде алдыңғы орындардан көрінеді. Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Берік Көпбаев халықтың рухани, мәдени және интелектуалдық кедейленуін әлеуметтік мінез құлық, моральдық қағидалардың болмауымен  байланыстырады. «Себебі, онсыз биік  азаматтық ұстаным болмайды. Білімді, мәдениетті адамның ой-өрісі кең, білімі мен дағдылары алуан түрлі болып қалыптасады.  Лайықты еңбекақысы, еңбек жағдайы бар адам, ешқашан қоғам мен мемлекет беретін құндылықтар мен игіліктердің деструктивті жолына түспейді. Сондықтанда біздің кәсіподақ, мәдениет пен ақпарт министрліктерімен қоян -қолтық, екі жақты келісімдермен жұмыс жүргізуде. Алайда тікелей осы салаларда жұмыс жасайтын мемлекет қызметкерлерінің кәсіподақтар ашуды ретті-ретсіз қарауы кездеседі. Кәсіподақ ол сол сала қызметкерлерінің қорғаны, жағдайын шешуге көмектесуші екенін білуі керек. Біз біріксек үлкен күшпіз. Анда-санда митингілерге шығу мәселені шешпейді», дейді.   Сәйкесінше,  кәсіподақтарға назар аударылса, министрлікке, Үкіметке өз саласындағы  қызметкерлердің үнін жеткізе алады.

Десе де, кейбір сарапшылар  бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымдарының пәрменділігі төмендеп кеткенін айтады. Мұның бір себебі кәсіподақ ұйымы төрағасының еңбек ұжымы басшылығының ығына жығылып жүруінде. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымы басшыларының  біліктілігінің төмен болуы ұйым атына көлеңке түсіріп отыр. Мамандардың ойынша, кәсіподақ ұйымының басшысы еңбек заңдары мен еңбек кодексін жетік білуі шарт. Ондай болмаған жағдайда, жетекші  қызметкерлердің құқығын қорғауға келгенде дәрменсіздік танытады.

 Кеңестік кеңістікте жұмысшылардың тоқсан бес пайызы кәсіподақ ұйымдарының қатарында болған. Ал қазір  елімізде жұмыс істейтіндер саны 8 миллион шамасында болса, соның 2 миллионнан астамы ғана кәсіподақ ұйымдарына мүше. Сарапшы мамандардың пікірінше, бұл әлі де болса кәсіподақ ұйымдарына қамқорлық қажеттігін байқатып  отыр.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіподақтардың дәнекерлігі мен медиациясы арқылы еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің тең құқылы диалогының арқасында ғана еңбек қатынастарын тиімді реттеуге болады. Осындай ынтымағы жарасқан ортада еңбек этикасы кемеліне келіп, әлеуметтік жауапкершілік мығым орнығады» деген болатын.  Бұл ретте азаматтар  кәсіподақ мүшесі көбейген сайын, олардың күші, пәрмені  де артатынын сезінуі тиіс. Сонда олардың айтар ойы  салмақты, қояр талабы  мығым болмақ. Қат-қабат мәселені жеке шешкеннен, ұжымдасып кәсіподаққа бірігіп шешу керек. Өйткені, қоғам, мемлекет біртіндеп  осыған келе жатыр.            

Байланысты жаналықтар

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

16.05.2024
MalimBlocks
Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?

Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның аймақтық орталығын ашу қажет – Тоқаев

Ауғанстанда күрделі әрі түрлі бағыттағы процестер жүріп жатыр.