«Келесі кезек Ресейдікі»

Malim Админ

  • 09.09.2020

Егер Белорусь құласа, келесі кезек Ресейдікі болады. Бұл туралы Белорусь президенті Александр Лукашенко ресейлік журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Мен Путинмен сөйлестім. Бұған қарсы тұру мүмкін емес. ... Сіздер арқаны кеңге салмаңыздар. Сіздерде де жақында белгілі бір саяси оқиға болуы, тіпті, ойламаған жерден басталып кетуі мүмкін. Біздің ресейлік истеблишменттермен қандай тоқтамға келгенімізді білесіздер ме? Егер бүгін Белорусь құлайтын болса, келесі Ресей болады», - деді Лукашенко.

Ол сондай-ақ,өзінің билікте ұзақ отырып қалғанын мойындады. Бірақ, дәл қазір, тура осындай жағдайда кеткісі жоқ. Өйткені, соншама жыл бойы құрған жүйесінің аяқ асты болуына жол бергісі келмейді.

«Әлбетте, бұл мен үшін қатты ренжитін, тіпті трагедиялық жағдай, керек десеңіздер. Бірақ, бұл мен қол қусырып, қарап отырмын дегенді білдірмейді, өйткені мен бұған философиялық тұрғыда қараймын. ... Мен біз өз қолымызбен құрған нәрселерді қорғауға, осы нәрселерді құрысқан адамдарды – маған дауыс берген басым көпшілікті қорғауға тиіспін. Мүмкін, кейде олардың да жалыққан кездері болған шығар, бірақ, олар мені қолдады. Мен қазір сол үшін өмір сүріп жатырмын».

Лукашенко өзінің Украинаның экс-президенті Порошенко сияқты биліктен кетпейтінін, себебі, өзінде "миллиардтардың" жоқтығын айтады.

Және журналистердің «болған жағдайлардан кейін, ендігі уақытта сіз үшін ең маңызды нәрсе не?» деген сұрағына: «...Жауап беру қиын... Балаларым. Және менің айналамдағы адамдардың балалары. Егер қазір Белорусь құласа, бүкіл жүйе құрдымға кетеді. Оның соңынан Белорусь кетеді», - деп жауап берді.

Айта кету керек, Белорусьте 9 тамызда өткен 6-шы президент сайлауынан кейін бүкіл елді қамтыған наразылық шерулері басталып, әлі күнге жалғасып келеді. Наразылыққа шыққандар Лукашенконың биліктен кетуін және әділ сайлау өткізуді талап етуде.

Байланысты жаналықтар

Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

16.05.2024

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

14.05.2024

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

13.05.2024

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

11.05.2024

Тоқаев Путинмен екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын талқылады

09.04.2024

Путинге тіл тигізген павлодарлық блогер қамауға алынды

28.03.2024
MalimBlocks
Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

Ресми бөлімнен кейін Ресей мен Қытай басшылары бейресми жағдайда әңгімелеседі.

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ол Ресей құрамасының ойындарын ғана көретінін айтты

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Енді ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

Ольга Мамраимова мұрагерлікке қалған пәтерін әкімдік алып қойғанын айтады.

Тоқаев Путинмен екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын талқылады

Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Путинге тіл тигізген павлодарлық блогер қамауға алынды

Тікелей эфирде Владимир Путинге боғауыз айтқан павлодарлық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.