Мамин Есімовті қызметінен босатты

Malim Админ

  • 29.03.2021

Самұрық Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов қызметінен кетті.

Бүгін премьер-министр Асқар Мамин Ахметжан Есімовке алғыс айтып, халыққа Самұрық Қазына ұлттық әл-ауқат қорының су жаңа төрағасы Алмасадам Сатқалиевті таныстырды.

«Үкімет басшысы Ахметжан Есімовке Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен Тәуелсіздік жылдары әртүрлі мемлекеттік қызметтерде істегені үшін алғыс айтты», - делінген үкімет баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Бұған дейін, наурыздың 20-ы күні әлеуметтік желіде Ахметжан Есімовтің қызметінен босатылғаны жөніндегі қаулы көшірмесі жарияланған. Онда Есімовтің «уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қызметтен босатылғаны» жөнінде, оның орнына «Алмасадам Сатқалиев төраға қызметін атқаратыны» жөнінде айтылған.

Ахметжан Есімов 15 желтоқсанда 70-ке толған. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі және саясаттағы ескі гвардия өкілдерінің қатарына кіреді.

Ахметжан Есімов Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы болып 2017 жылы тағайындалған. Оған дейін «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы, Алматы қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

Есімов Алматы қаласының әкімі болып тұрған уақытта «Тәуелсіздік күні қалада болмаймын», «тауға тікұшақпен шығып, шаңғымен түсеміз», «әйелімнің үйінде тұрып жатырмын» деген сөздерімен ел есінде қалған.

Алмасадам Сатқалиев 2018 жылы Самұрық-Қазына әл-ауқат қорының Активтерді басқару және жекешелендіру басқармасының директоры болып тағайындалған. Бұған дейін «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болған.

 

Байланысты жаналықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

16.05.2024

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

15.05.2024
MalimBlocks
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

20 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің мәліметінше, бірнеше өңірде жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Алматы музейінде Өзбекәлі Жәнібековке көрме ашылды

Көрмеде қоғам қайраткерінің отбасынан алынған фотолар, архивтік құжаттар, еңбектері мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары, эскиздері қойылды.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Болжам бойынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.