Мәсімов Тәтішевтің өлімін мойныма алуға мәжбүрледі – Тоқмәди Тоқаевтан араша сұрады

Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны қорқыту, ұрып-соғу, азаптау, отбасына қысым көрсету арқылы кінәсін мойындауға көндірген.

Malim Админ

  • 09.03.2022

Банкир Ержан Тәтішевті өлдірді деп сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди Президенттен араша сұрады.   Ол Тоқаевқа жазған ашық хатында  Кәрім Мәсімов басқарған ҰҚК, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура адамдары Ержан Тәтішевтің өлімін мойындауға мәжбүр еткенін хабарлады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. Айыпталушының айтуынша, Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны қорқыту, ұрып-соғу, азаптау, отбасына моральдық-психологиялық қысым көрсету, сондай-ақ мүлкіне тыйым салу, шоттарын бұғаттау  арқылы іс жүргізу келісіміне,  кінәсін мойындауға көндірген.


Тоқмәди ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен Руслан Ысқақовтың көздегені оппозиционер Мұхтар Әблязовты Қазақстанға экстрадициялау және тұтқындау болғанын мәлімдеген.   
Әбілязов іс материалдары бойынша Мұратхан Тоқмәдимен келісімге келіп, 2004 жылы Тәтішевті аң аулау кезінде өлтірген.  Осылайша Әблязов бұрынғы бизнес-серіктесінің көзін жоюға тапсырыс берген. 


Тоқмәди бес жылдан бері жасамаған қылмысым үшін жазамды өтеп келемін деп ашына жазды. 
«Маған және жақындарыма соншама қиындық әкелген осы оқиғаның барлығын Бас Прокуратура, Ішкі Істер Министрлігі, соттардың көмектесуімен  Мәсімов бастаған ҰҚК қызметкерлері ойлап тауып, іске асырды. Олардың басты мақсаты Н.Назарбаевтың басты қарсыласы – Мұхтар Әблязовты экстрадициялау болды. Алайда, олар сәтсіздікке ұшырады және осы жылдың қаңтарында барлығы қамауға алынды.  Олардың бірқатар қылмыстары туралы шындық біртіндеп белгілі болды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізден  менің ісімді қайта қарауды, шын кінәлілерді жазалауды сұраймын», деді арызданушы. 


Тоқмәдидің  2020 жылғы желтоқсандағы кезекті хатынан кейін Бас Прокуратура  жазаны өтеу  мерзімін тек алты айға қысқарту туралы өтініш жасаған.  Осылайша Жезқазған соты оған ең аз дегенде 10 жыл мерзім бекітілген.  Алайда сотталушының мәлімдеуінше, процестік келісім істен жоғалып кеткен.   Жезқазған қаласының 159/25 мекемесі менің барлық өтініштерімді елемеді, сізге хат жіберуге тырысқаным үшін карцерге екі рет жіберілдім, үйге, мемлекеттік органдарға, депутаттарға жолданған хаттар бұғатталды», - деді кәсіпкер.
Айта кетейік, 2007 жылы Тоқмәди Тәтішевтің өлімі  үшін рақымшылық жасау жазасынан босатылып, бір жылға бас бостандығынан айырылған.  


2017 жылы сот Тоқмәдиді бопсалау және қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін кінәлі санап, үш жыл бас бостандығынан айырды.  
Бір жылдан соң наурызда Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұратхан Тоқмәди он жарым жылға сотталды. Әблязов сот шешімімен сырттай өмір бойына жаза арқалады. 


Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Сондай-ақ ҰҚК департаменті басшысы Руслан Ысқақов ұсталды.       
 

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

15.05.2024

Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты

13.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.

Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты

Бишімбаев, зардап шеккен Айтбек Амангелді және мемлекеттік айыптаушылар үкімге қатысты өтініштері жоқ екенін айтты.