Наразылықтың 50-ші күні: "Қытай 56 зауытын әкелетін болса, құл боламыз"

Malim Админ

  • 29.03.2021

Алматыдағы Қытай консулдығы алдында 50 күннен бері наразылық акциясы өтуде.

Бүгін консулдық алдына Қытайда қамауда отырған туыстарын босатуды талап етіп, бір топ әйел кезекті рет қарсылық акциясына шықты. Олар «Қытай қазақтарға қысым көрсетпесін», «Бостандық», «Қытайдың 56 зауыты кіргізілмесін», «Қытай туыстарымызды жіберсін» деп ұрандатты. Акцияға қатысушы, өзін Алматы қаласының тұрғыны деп таныстырған Майра Молдабекова Қытайдың 56 зауытын кіргізу дұрыс емес деп есептейді. Оның сөзінше, зауыт салудың орнына арғы бетте қудаланып жатқан қазақтарға араша түсу керек.

«Егер Қытай өзінің 56 зауытын әкелетін болса, онда біз әрі қарай Қытайға құл болдық деген сөз. Біз Қытайға құл болуды қаламаймыз. Өсіп келе жатқан ұрпағымыздың осылай қиналуына қарсымыз. Қытайдың онсыз да Қазақстанда қаншама зауыты бар. Бұрын өзіміздің зауыт-фабрикаларымыз бар болатын, оның барлығын құртты. Сонда біз өзіміздікін құртып, Қытайдың зауытын кіргіземіз бе? Осында тұрған аналардың балалары, інілері Қытайда сотталған. Ол жақта қазақтарды қудалап жатыр. Соны көре тұра, неге араша түспейді? Неге Қазақстанға Қытайдың зауыты келуі керек?», - дейді Молдабекова.

Қарсылық акциясына қатысушы белсенділердің бірі Байболат Күнболат «аналардың Қытайдағы туыстарына араша сұрап, консулдық алдына наразылыққа шығып жатқандарына 50 күн болғанын» айтады.

«Аналар Алматыдағы Қытай консулдығы алдындағы наразылықтарын ауа райының қолайсыздығына қарамай жалғастыруда. Бүгін 29 наурыз наразылық 50-ші күнге жалғасуда», - дейді Күнболат.

Наразыларды полиция сырттан бақылап тұрды. Консулдыққа жақындамақ болған белсенділерді ары жібермей, жолдарын бөгеді.

Қытай консулдығы алдындағы қарсылық акциясы ақпан айының 8-і күні басталған. Белсенділерге сол уақыттан бері консулдықтан ешкім шыққан жоқ. Жақында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо СІМ өкілдерімен кездесуде қамауда отырған қазақтар жөнінде «олардың Қытай азаматтары екенін және заң бұзғандары үшін жазаларын өтеп жатқаны» жөнінде айтқан. Оның алдында қандастар мәселесімен айналысатын «Отандастар» қоры Қытай консулдығы алдындағы наразылықты «саяси мәселе» деп атап, «оған араласа алмайтынын» мәлімдеген.

Байланысты жаналықтар

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

17.05.2024
MalimBlocks
Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?

Синоптиктер астаналықтарға ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.