Нұр-Сұлтан Бейжің тәжірибесін қолдана ма?

Malim Админ

  • 19.02.2021

2021 жылы ішкі істер министрлігі азаматтардың биометриялық деректерін жинауға қосымша 3,1 миллиард теңге жұмсамақ. Қаржы министрлігі таратқан мәлімет бойынша, биыл ІІМ бюджеттен қосымша 5,5 млрд теңге қаржы бөлінбек.

«ҚР ІІМ 5,1 млрд теңгенің орнына 10,7 млрд теңге қаржы бөлінеді. Азаматтардың биометриясына қосымша – 3,1 млрд теңге, Нұр-Сұлтандағы 150 адамдық сот сараптама институтының құрылысына – 1,9 млрд теңге қаржы жұмсау қарастырылған», - делінген қаржы министрілігі жариялаған мәлімдемеде.

Билік азаматтардың биометриялық деректерін жинауға 2019 жылдан бастап көңіл бөле бастады. Дәл осы жылдың қазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының дамуына арналған жиында «адамдардың жеке бас деректерін цифрландыру өте маңызды» екенін айта келе, Қытайдың «Hikvision» компаниясының өнімдерін мақтап, Қазақстанда Бейжің тәжірибесін қабылдау қажеттігін мәлімдеп, үкіметке тапсырма берген. Ол өз сөзінде:

«Олар (Қытайлар – ред) негізгі қалаларының барлығын цифрландырған. Өте терең цифрландырған. Қазір оны түсіндіріп жатпайын. Экранға бассаң, адамның қай уақытта университет бітіргені, бос уақытында қайда баратыны, қанша несиесі бар екендігі барлығы шығып тұрады. Бізге де осы бағытта жүру қажет. Бұл жаһандық үдеріс», - деген.

Мемлекет басшысы мақтаған «Hikvision» компаниясын 2019 жылы АҚШ сауда министрлігі «Шыңжаңдағы аз ұлттарға қысым жасауға атсалысты» деп айыптап, санкция салған.

Қытайлық бақылау технологиясы дегеніміз не?

Әлемдік сарапшылар бұл жүйені «цифрлық диктатура» деп бағалауда. Қытай билігі жаңа технологиялардың көмегімен бақылау жүйесі арқылы адамның жеке өмірі мен деректерін сараптап, оған арнайы рейтинг береді. Ешқандай заң бұзбай, қалыптасқан жүйге бағынған азаматқа билік жоғары балл беріп, оған әлеуметтік қолдауды үйіп-төгеді. Бейжің бақылау жүйесі бойынша, 1050 балл жинаған адам «А» тобына кіреді. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметте өсуге, төмен пайызбен несие алуға апаратын бірден бір жол. Ал 1000 балл жинаған адам «АА» тобына, 900 балл жинағандар «В» тобына, 850 балл алғандар «С» тобының қатарына кіреді. Жаңа жүйеге сәйкес, 600 балдан төмен жинағандар «Д» тобына енеді. Бұл топтағылар мемлекеттік қызметке тұрмайды, әлеуметтік көмек немесе несие ала алмайды. Бір сөзбен айтқанда, жүйеге қауіпті адамдар санатына енеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жер-көкке сыйғызбай мақтаған қытайлық жүйе Қазақстан аумағында қандай талаптар бойынша жұмыс істейтіні және қай уақыттан бастап іске қосылатыны әзірге белгісіз...

Байланысты жаналықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

17.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024
MalimBlocks
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Заң салтанат құрған елде әділдік орнайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қандай заңдарға қол қойды?

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.