Өзбекстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында тараптар Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын жыл соңына дейін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Сабира Жанаберген

  • 17.11.2021

Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты. 

Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, машина жасау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді.

Осыған байланысты екі елдің үкіметтеріне алдағы келіссөздердің жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Байланысты жаналықтар

Зеленскийдің Украина президенті ретіндегі өкілеттік мерзімі аяқталды

20.05.2024

Мұнай бағасы күрт қымбаттап кетті

20.05.2024

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Тоқаев Иран президентінің қазасына байланысты көңіл айтты

20.05.2024

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

20.05.2024

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

20.05.2024
MalimBlocks
Зеленскийдің Украина президенті ретіндегі өкілеттік мерзімі аяқталды

Бұған дейін Зеленский сұхбатының бірінде президенттік сайлау соғыс аяқталғаннан кейін өтсе, екінші мерзімге сайлауға түскісі келмейтінін айтты.

Мұнай бағасы күрт қымбаттап кетті

Бұл – мамыр басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Тоқаев Иран президентінің қазасына байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

Зурабишвили бұған басынан қарсылығын білдірген.