Полиция, сот және прокурор карантинде моншаға баруға неге құмар?

Malim Админ

  • 16.02.2021

Қазақстандық полиция, сот, прокуратура қызметкерлері жаһандық пандемия уақытында моншаға (саунаға) барғанды жақсы көретін тәрізді.

Кешеден бері «Facebook», «Instagram», «WhatsApp» сияқты әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы монша кешенінің бірінде түсірілген фото тарап кетті. Онда бір топ ер адамның дастархан басында отырғаны бейнеленген. Фотоны «Facebook» желісінде таратқандардың бірі Руслан Лазутаның сөзінше, моншада көңіл көтеріп отырған азаматтардың барлығы Семей қалалық полиция инспекторлары. Олардың арасында жергілікті полиция қызметінің басшысы Ришат Сұңғатов та бар. Болжам бойынша, инспекторлардың көңілді отырысы қаңтар айының соңында болған. Бұл уақытта Шығыс Қазақстанда коронавирус індетіне байланысты қандай да бір жиын немесе той өткізуге тыйым салынған. Шектеулердің орындалуын полиция инстпекторларының өздері қадағалауы тиіс болған.

Аталмыш оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті мәлімдеме таратты. Онда Департамент желіде тараған фотода расымен де Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар екенін растады.

«Әлеуметтік желілерде тараған фотода расымен де Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бар. Аталмыш фактіге байланысты ШҚО Полиция демпартаментінің ішкі қауіпсіздігі тексеру жұмысын бастады», - делінген департамент таратқан мәлімдемеде.

Құзырлы орган қызметкерлерінің моншада демалуын Қазақстан халқы алғаш рет көріп отырған жоқ. Бұған дейін ел 2020 жылдың сәуір айында Алматы облысының Сарыөзек ауылындағы сауналардың бірінде өздерін «ОПГ» (ұйымдасқан қылмыстық топ) атаған судья (Кербұлақ ауданының судьясы Дінмұхамед Сейтов) мен прокурордың (Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев)  көңіл көтеруіне куә болған. Бірақ ол кезде желіге фото емес, видео тараған.

Бұдан бөлек, халық 2020 жылдың 18 сәуірінде (Қазақстан толықтай карантинге жабылған уақытта) Ақмола облыстық жемқорлықпен күрес бюросының тергеу басқармасы басшысы Руслан Тұрғанбековтың Көкшетау қаласындағы «Избушка» монша кешеніндегі көңілді кешін қызықтаған.

https://www.youtube.com/watch?v=2KYYK46aqNQ&feature=emb_title

Байланысты жаналықтар

Ақтауда мас жүргізуші балалар отырған көлікпен соқтығысқан

19.05.2024

Бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан жігіт ұсталды (ВИДЕО)

18.05.2024

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Сарыағашта 3 жасар қыз жоғалды

18.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024
MalimBlocks
Ақтауда мас жүргізуші балалар отырған көлікпен соқтығысқан

Оны полиция ұстап әкетті

Бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Оның қамауға алынған видеосы жарияланды

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Сарыағашта 3 жасар қыз жоғалды

Полиция шүғыл іздестіріп жатыр

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.