Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Malim Админ

  • 20.03.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік басына келгеніне биыл 5 жыл. Осы уақыт аралығында қабылдаған маңызды шешімдерге тоқталсақ. Президент жүзеге асырып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саясат саласындағы реформалар бағытының негізгі принципі – сабақтастық, әділеттілік және прогресс. 
Тоқаев ішкі және сыртқы саясат шеңберінде бірқатар тың қадамға барып, ел экономикасы мен ұлт болашағының дамуы мен өрістеуіне сеп болатын бастамалар көтеріп, нақты шешімдер қабылдады. Оны отандық қана емес, шетелдік сарапшылар да ашық айтып жүр.  
Әлеуметтің әлеуеті арта түсті 
Зейнетақының орташа мөлшері 55 пайызға өсті. 2019 жылғы 85 739 теңгеден қазіргі уақытта 132 852 теңгеге дейін көбейді. 
Ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 85 000 теңгеге дейін екі есе өсті. Сондай-ақ мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлерді қосқанда, 3 миллионнан астам адамның жалақысы көтерілді. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 23%-ға көбейді. 
Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан, жәрдемақы енгізілді. Оның мөлшері бала санына қарай сараланады – 59 183 теңгеден 103 598 теңгеге дейін. Ал сегізінші және одан да көп бала болса, әр балаға 4 АЕК қосылады. 
Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. 
Әсіресе, көпшілікті сүйсінткен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылып, БЖЗҚ-да ашылған 7 млн-ға жуық шотқа 18 жасқа дейінгі балаларға алғашқы қаражат түсті. 
Тұрғындардың баспана мәселесі түзеле бастады 
Соңғы 5 жылда, шамамен, 79 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді.  
695 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты, оның ішінде 128 мыңы халықтың әлеуметтік осал тобына жатады. Тұрғын үй құрылысы саласына 11,9 трлн теңге инвестиция тартылды. 
2022 жылдан бастап мұқтаж азаматтар үшін тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін жабу тетігі іске қосылды, бұл мақсаттарға жыл сайын шамамен 4,6 миллиард теңге беріледі. Тұрғындардың тұрғын үй мәселесін шешу алдағы уақыттарда да жалғасады. 
Аймақтар алысқа қарайды 
Елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.  
Ауылдық округ әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесінде өтті. 2023 жылдың соңында 1960 ауылдық округ әкімдерін сайлады. 2025 жылдан бастап барлық жерде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді. Сондай-ақ барлық 20 облыстың (17 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала және астана) даму жоспарлары бекітілді.  
Экология проблемасы елеусіз қалмайды 
Қазақстандағы экология мәселесі де президент назарынан тыс қалған жоқ. Жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бірыңғай экологиялық портал әзірленді. 
Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасы аясында өзендердің жылдық ағыны 3,82 км3-ден 7,82 км3-ге дейін өсті. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар қабылданды. 
Су кеңесі құрылды 
Жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді. ҚР 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйелерін дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстанның Су кеңесі құрылып, оның аясында Орталық Азия елдерімен трансшекаралық өзендердің суын реттеу, саланы институционалдық тұрғыдан нығайту және гидротехникалық құрылыстарды қайта құру мәселелері қаралады. «Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. 
Декларациялаудың 3-кезеңі басталды 
Жалпы декларацияның 1 және 2 кезеңдері (2020-2023 жылдар) енгізілді, биылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары үшін декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Бұл - шамамен 3,9 миллион адам. 
2023 жылдың наурыз айынан бастап Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен банкроттығын қалпына келтіру институты жұмыс істейді. 10 мың азамат банкрот деп танылды.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН 

Байланысты жаналықтар

Зеленскийдің Украина президенті ретіндегі өкілеттік мерзімі аяқталды

20.05.2024

Мұнай бағасы күрт қымбаттап кетті

20.05.2024

Тоқаев Иран президентінің қазасына байланысты көңіл айтты

20.05.2024

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

20.05.2024

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

20.05.2024

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза болды

20.05.2024
MalimBlocks
Зеленскийдің Украина президенті ретіндегі өкілеттік мерзімі аяқталды

Бұған дейін Зеленский сұхбатының бірінде президенттік сайлау соғыс аяқталғаннан кейін өтсе, екінші мерзімге сайлауға түскісі келмейтінін айтты.

Мұнай бағасы күрт қымбаттап кетті

Бұл – мамыр басынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Тоқаев Иран президентінің қазасына байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған.

Грузия президенті «шетелдік агенттер» туралы заңға қол қоюдан бас тартты

Зурабишвили бұған басынан қарсылығын білдірген.

Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза болды

Апат салдарынан Иран мемлекет басшысымен бірге болған Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан да көз жұмған.