Прокурор Әлнұр Ілияшевті үш жылға соттауды сұрады

Malim Админ

  • 19.06.2020

Бүгін Әлнұр Ілияшевтің ісін қарап жатқан онлайн сот жарыссөзге көшті. Прокурор Дастан Мырзағали азаматтық белсендіні үш жыл түрме жазасына кесуді сұрады.

Таңғы тоғызда басталған сот кешкі жетіде бір-ақ аяқталды. Сот процесіне тергеу абақтасынан онлайн қатысып жатқан Әлнұр Ілияшевтің басы айналып, денсаулығы нашарлаған соң, оған дәрігер шақыртылды. Әлнұр Ілияшевтің денсаулығы жақсарған соң, сот қайта жалғасты.

Бүгінгі сотқа адвокаттар осы істе сараптама жасаған Роза Ақбаровадан жауап алуды жалғастыруды сұраған. Алайда судья сарапшы денсаулығына байланысты жауап бере алмайтынын алға тартып, сотты жалғастыра берді. Адвокаттардың сот процесін кейінге қалдыру туралы өтініші аяқсыз қалды.

Әлнұр Ілияшевтің адвокаттары судья Залина Махарадзені кетіруді талап етті. Алайда ол өтініш те қанағаттандырылмады.

Сот отырысы осымен бесінші күн өтті. Адвокаттар Нұрлан Рахманов, Виталий Воронов пен Таир Назханов судья З.Махарадзені күнде істен кетіру туралы талап қойғанымен, бұл талап аяқсыз қалып жатыр. Мысалы, кеше адвокаттар судьяны кетіру жөніндегі талапты екі рет қойды, алайда өтінішті қараған Медеу аудандық соты судьялар құрамы Махарадзені қайта-қайта қайтарумен болды.

Жұма күнгі сотқа саясаттанушы Досым Сатпаев қатысып, Ілияшевке айып тағуға негіз болған Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасына жасаған сараптамасын оқып берді. Ол өз сарпатамсында саяси партияны сынау төтенше жағдай кезінде қоғамға қауіп төндірмейтінін айтты. "Партияны сынау бүкіл халық, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіру деген сөз емес", - деді Д.Сәтбаев.

Әлнұр Ілияшевтан жауап алған адвокат Нұрлан Рахманов азаматтық белсенді ісінде жәбірленуші жоқ екенін, ал жазбасы ешкімге зиян келтірмегеніне назар аударды.

Артынша өзін сұраққа алған прокурорға Ә.Ілияшев: "Жазбам небәрі 81 лайк, 10 пікір жинады, 4 адам бөлісті. 81 лайк жинаған жазба қалай 18 миллион адамға әсер етуі мүмкін?" - деді.

Сот адвокаттардың қарсылығына қарамастан, қатты асығып, едел-жедел жарыссөзге көшті. Прокурор Дастан Мырзағали "жалған ақпаратты көпе-көрінеу тарату дүрбелең тудырып, жаппай тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін" екенін айтты. Айыптау қорытындысын оқыған прокурор Әлнұр Ілияшевтің әлеуметтік желіде таратқан ақпаратын Жетісу аудандық соты жалған деп тапқанымен, Ілияшев бұдан сабақ алмай, төтенше жағдай кезінде мемлекеттік билік органдарына қарсы пост жазғанын алға тартты. Мемлекеттік айыптау Ә.Ілияшевті үш жылға бас бостандығынан айырып, бес жылға саяси және қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салуды сұрады.

Жарыссөз дүйсенбі күні жалғасады.

Белсенді Әлнұр Ілияшев 17 тәуір күні "төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті «күдікті жұртты әдейі жаңылыстыратын ақпарат таратты, полицияның ескертуіне құлақ аспады. Ол тіпті ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау ісі бойынша өткен соттан да тиісті қорытынды жасамады. Сот үкімі бойынша, Ілияшевті бұрын таратқан ақпаратты теріске шығаруға міндетті еді», – деп хабарлады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен Әлнұр Ілияшевті қамаудан босатып, қылмыстық істі тоқтатуға шақырған.

 

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

15.05.2024

Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты

13.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.

Бақытжан Байжанов сот үкімімен келіспейтінін айтты

Бишімбаев, зардап шеккен Айтбек Амангелді және мемлекеттік айыптаушылар үкімге қатысты өтініштері жоқ екенін айтты.