Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров келесі жылдың наурыз айына белгіленген Ресей президенті сайлауын өткізбеуге шақырды. Бұл ойын ол Грозный орталығында Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне арналған шарада айтқан.

Есенжол Елекенов

  • 09.10.2023

Қадыров сайлаудан бас тартудың баламасы ретінде бірыңғай кандидатты – 2000 жылдан бері Ресей президенті қызметін атқарып келе жатқан Путиннің өзін ұсынуды жөн санайды. Рамзан Қадыров сайлау өткізбей-ақ Путиннің өзін сайлау салуды Украинаға қарсы соғыспен байланыстырып отыр.
-Мұндай кезеңде Ресейде президенттік сайлау туралы әңгіме болмауы керек. Сайлауды кейбір елдер, соның ішінде Батыс елдері пайдаланып, арандатушылық жасайтыны анық.  Дұшпандарымыз мемлекет ішіндегі жағдайды шайқауға тырысады,- деді Қадыров сөзінде.
Әзірге оның ұсынысына Кремль тарапынан ешқандай реакция болған жоқ. Ресей конституциясы бойынша әскери жағдай жарияланған жағдайда сайлауды болдырмау мүмкіндігін қарастырады.
2020 жылы қабылданған конституция Путинге тағы екі алты жылдық мерзімге сайлауға түсуге мүмкіндік береді. Әзірге ол қайта сайланатынын тікелей жариялаған жоқ.
Ал, қуғында жүрген ресейлік оппозиция өкілдері де сайлаудың ықтимал стратегияларын талқылап жатыр.  Гарри Каспаров пен оның «Еркін Ресей» форумындағы жақтастары сайлауды заңсыз деп атап, бойкот жариялауға шақыруда. Ал Максим Кац пен Михаил Ходорковский Алексей Навальныйдың жақтастарын ортақ стратегия әзірлеуге шақырды. «Жемқорлықпен күрес қоры»  (   ФБК) кімнің үміткер екені белгілі болғаннан кейін өздері стратегия әзірлейтінін айтты. Кандидаттарды ұсыну және оларды тіркеу іс жүзінде Кремльдің қолында.
7 қазанда Ресейдің әртүрлі аймақтарында Путиннің 71 жылдығына орай «Халық майданы» ұйымдастырған шаралар өткен. Кремль Путинді бірқатар шетел басшылары құттықтағанын хабарлады. Мәскеуге барған Қазақстан мен Өзбекстан президенті Ресей президентін жеке құттықтаған. Үшеуі ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдауды іске қосу рәсіміне қатысқан.
Назарбаев президент болып тұрған шақ та, дәл осыған ұқсас жағдай бізде де болған еді. 2015 жылы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы елде кезектен тыс президент сайлау өткізу туралы ұсыныс жасады. Ассамблея сайлау өткізу қажеттігін «жаһандық сынақтардан сәтті өту үшін ел президентіне жалпыхалықтық сенім білдірудің жаңа мандатын беру қажеттілігімен» түсіндірген. Бұл бастаманы билік партиясынан жасақталған парламент, бірқатар билікшіл партиялар мен президенттің өзі қолдап, Назарбаев сәуірдің 26-сына тағайындау туралы жарлық шығарған. Бұл жолғы кезектен тыс сайлауға Назарбаевқа бәсекелесі ретінде көпшілік жұртқа аса таныс емес екі адам — өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынова пен билікшіл Қазақстан коммунистік халық партиясы кандидаты Тұрғын Сыздықов түскен еді. Бұл тек бір ғаны мысал. Әйтпесе, Назарбаев тұсында мұндай қойылымдар талай рет болған еді…

Байланысты жаналықтар

Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

16.05.2024

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

14.05.2024

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

13.05.2024

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

11.05.2024

Санкт-Петербургте қаза тапқан жолаушылар арасында Көкшетау тумасы бар болып шықты

11.05.2024

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

07.05.2024
MalimBlocks
Путин Қытайға барды: келіссөздер басталды

Ресми бөлімнен кейін Ресей мен Қытай басшылары бейресми жағдайда әңгімелеседі.

Азамат Мұсағалиев футболдан Қазақстан құрамасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Ол Ресей құрамасының ойындарын ғана көретінін айтты

Путин Сергей Шойгуды Қорғаныс министрі қызметінен босатты

Енді ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды. 

Пәтерін даулаған Шымкент тұрғыны Путиннен көмек сұрады

Ольга Мамраимова мұрагерлікке қалған пәтерін әкімдік алып қойғанын айтады.

Санкт-Петербургте қаза тапқан жолаушылар арасында Көкшетау тумасы бар болып шықты

Қайғылы оқиғадан барлығы 7 адам өлген

Ресей халқы Владимир Путинді ұлықтады

Ол ел Конституциясына қолын қойып, халқына ант берді.