Қаңтарда үтікпен азаптағандарға үкім оқылды

Бұған дейін Айдын Кенжебаевтан басқасы үйқамақта болған

Malim Админ

  • 10.02.2023

Бүгін  Талдықорған қалалық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде  ұсталғандарды азаптады деп айыпталған  бес полицейге үкім оқылды. Бұл туралы masa.media сайты хабарлады. Судья Бекмұрат Дүйсенбеков күдіктілердің барлығын кінәлі деп танып, 3 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, сот залынан ұстауға үкім етті.

 Сот қанды Қаңтарда азаматтарды «үтік басып, азаптады» деп айыпталған Айдын Кенжаебаев пен Жанбақыт Нұртаза 4 жылға, Сапармұрат Тоқташ 3 жыл 6 ай, Алмас Боқанов пен Ермек Жұмашев 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушылар полиция шені мен 3 жылға дейін құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды. Бұған дейін Айдын Кенжебаевтан басқасы үйқамақта болған. Үкім оқылғаннан кейін айыпталушылар сот залында қамауға алынды.

Үкім әзірше заңды күшіне енген жоқ. Аталмыш істе 23 жәбірленуші бар. Сот үкімі оқылмай тұрып, тараптардың соңғы сөзі тыңдалды. Айыпталушылар жәбірленушілерден кешірім сұрап, болған іске өкінетіндерін айтып, соттан шартты жаза беруді сұрады. Сот былтыр қыркүйек айында басталып осы уақытқа дейін созылып келген

Талдықорғанда «азаптау» ісі бойынша бес полиция қызметкері күдікті, 23 адам жәбірленуші деп танылды.

Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан. Қазір олардың өліміне қатысты бірқатар іс «күдіктілер анықталмады», «дәлел жеткіліксіз» деген желеумен тоқтатылған. Құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, Қаңтар оқиғасы кезінде 10 мыңнан астам адам ұсталып, оның 70 пайызы азапталған. Бұл істердің де басым көпшілігі тоқтатылып тасталды. 

Фото: Ашық дереккөзден     

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

18.05.2024

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

18.05.2024

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

17.05.2024

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

16.05.2024

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

15.05.2024

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

14.05.2024
MalimBlocks
Қарағанды облысында 9 жасар бала ішімдік кесірінен терезеден секіріп кеткен

Ал оған нағашысы ішкізген болып шықты

Қарасора өсірген екі астаналық сотталды

Судья әрқайсына 3 жылдан жаза кесті

Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты екінші рет сотқа берді

Ол Қайратқа берген ақшасын қайтарғысы келеді.

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет министрлігі пікір білдірді

Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады.

«Мақтауға әбден лайық». Айжан Аймағанова Бишімбаев қылмысын ашқан маңызды адамды атады

Бишімбаев ісіндегі прокурорлар мен адвокаттар көптің алғысын алып жатыр.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

Жоғарғы сот істі қайта қарады.