Қазақстан бірінші ядролық энергия саммитіне қатысты

Malim Админ

  • 22.03.2024

Бейсенбі күні Брюссельде қазақстандық делегацияның қатысуымен бірінші ядролық энергия саммиті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бельгия үкіметі Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікпен (МАГАТЭ) бірлесіп ұйымдастырған Саммитке Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ төрағасы Мейіржан Юсупов қатысты.

Шараға 22 мемлекет пен үкіметтің басшысы, Еуропалық кеңес, Еуропалық комиссияның президенттері, министрлер, сондай-ақ 300-ден астам халықаралық ұйым, трансұлттық компания, дипломатиялық миссия және сарапшылық топ басшылары қатысты.

Шараға Бельгияның премьер-министрі Александр де Кроо мен МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Мариано Гросси төрағалық етті.

Саммиттің мақсаты – климат өзгеруінің жаһандық мәселелерін шешу, энергетикалық қауіпсіздікті арттыру және экономикалық дамуды ынталандырудағы атом энергетикасының рөлін талқылау.

Медианың хаюарлауынша, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ президенті Мейіржан Юсупов «Энергия ресурстарын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Қазақстан табиғи уран өндіруден әлемде көшбасшы (2022 ж. – 43%), уран қоры бойынша да екінші орында (2021 ж. – 13%). Сонымен қатар, Қазақстан Еуропа нарығына табиғи уранның негізгі жеткізушісі саналады (үлесі шамамен 27%).

Елші Марғұлан Баймұханның айтуынша, Саммит барысында атом өнеркәсібіндегі түрлі өзекті тақырып бойынша пікірталас болған.

- Саммитте дамушы елдер үшін ядролық технологияның қолжетімділігі туралы айтылды. Түрлі салаға арналған жобаларды қаржыландыру, соның ішінде атом өнеркәсібіндегі инновациялар, оларды тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және медицина салаларында қолдану мәселелері сөз болды. Осы саладағы мәселелер де талқыланды. Сонымен қатар, бүгінде атом өнеркәсібінде тіпті білікті кадрлар тапшылығы байқалады, бүкіл әлемде атом электр станцияларының немесе шағын модульдік реакторлардың ауқымын кеңейту қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, көптеген ел, әсіресе Еуропа елдері «жасыл энергия» энергия бағасының тұрақтылығын сақтауға көмектеседі деп есептейді, -  дейді ол «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

 

ФОТО: reddit.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

17.05.2024

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

17.05.2024

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

17.05.2024
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен

Жұрт Алматы және Астана әуежайындағы бағаларға шағымданып жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы пікір білдірді.

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы тұрғын үй мен пәтерлер алды

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Еліміздегі мешіттердің бірінде тағы да бүлік шықты (ВИДЕО)

Діни бүлікшілер артында кім тұр?