Қытай Қазақстан аумағына зауыт салатын болды

Malim Админ

  • 04.03.2021

Қытай Қазақстан аумағына жалпы құны 24,5 миллиард доллар болатын 56 кәсіпорын салмақ.

ҚР Сауда және индустрия министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде Қытай Қазақстанға құятын инвестиция көлемін бірнеше есеге арттырып, 2023 жылы Бейжің капиталына салынатын 56 кәсіпорынның құрылысы аяқталатыны жөнінде айтылған.

«2005 – 2020 жылдар кезеңінде қытай инвестицияларының жалпы көлемі $19,2 млрд асты. Сонымен қатар Қытайға тікелей инвестициялардың жылыстауы $ 667,2 млн құрады. Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында $ 24,5 млрд - қа 56 заманауи кәсіпорын салу жоспарлануда, бұл нысандардың басым бөлігі 2023 жылға қарай аяқталады деп күтілуде», - деген сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың сөзі мысалға келтірілген сайтта жарияланған мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, мәлімдемеде наурыздың 1-і күні ҚР Сауда және индустрия вице-министрі Қайрат Төребаев пен ҚХР Коммерция вице-министрі Ван Шоувэнменнің екіжақтық кездесуі жөнінде айтылған.

2016 жылы өткен жер митингілері кезінде халық жерді сатумен қатар Қытай зауыттарын Қазақстанға көшіруге де қарсы шыққан.

2019 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен кеткеннен кейін мемлекеттік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қытай зауыттарына қатысты мәлімдеме жасаған. Онда ол Қытай билігімен келісімге келгенін, «бұл зауыттарды көшіру емес, керек кәсіпорындарды таңдау» деген.

«Қазір мен «Қытай бізді басып алып жатыр» дегенді естудемін. Қай жерде басып алып жатыр? Менің Қытай билігімен келісімім бар. Біз Қазақстан-Қатай біріккен кәсіпорынан саларда тараптар қанша жұмысшы келетіні жөнінде келісімге қол қояды. Құрылыс аяқталғаннан кейін олар кері қайтады. Қорқа берудің қажеті жоқ. Бұл зауыттарды көшіру емес, біз өзімізге керекті заманауи кәсіпорындарды таңдадық. Бізге инвестиция кім береді? Қазір бұндай қаржы Қытайда ғана бар. Біз бұны пайдалануымыз қажет», - деген Назарбаев.

2019 жылы Қазақстанның Қытайға қарызы 11 миллиард доллар болған. Қазақстанда анти қытайлық көңіл-күй әлі күнге дейін өршіп тұр. Ол ауық-ауық митингтерге ұласып тұрады.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Қытайдың Сыртқы істер министрін қабылдады

20.05.2024

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

20.05.2024

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

20.05.2024

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

20.05.2024

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

19.05.2024

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

18.05.2024
MalimBlocks
Тоқаев Қытайдың Сыртқы істер министрін қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай дипломатиясының әлемдік саясатта аса маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Қазақстандағы су тасқыны: тағы бір халықаралық іс-шара өтпейтін болды

2018 жылы басталған Digital Bridge халықаралық форумы биыл алтыншы рет өтуге тиіс еді.

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Тереңдігі — 10 шақырым.

Балқаш көліндегі су деңгейі 8 см-ге көтерілді

Кө1 сәуірде 174 см-ге жеткен еді.

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісі болғанын анықтады

Сілкініс ошағы Қытай аумағында болған

Fitch Ratings еліміздің кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде бағалады

Оған валюталық резерв пен мемлекеттік борыштың төмендігі ықпал еткен